Дүйсенбі, 09 Наурыз 2015   |   1630 рет оқылды

Мүкəллəфтің міндеттері

Ислам дінінің əмірі мен тыйымдыры «Аһками шария» немесе «Аһками Исламия» (Ислам кімдері)делінеді.Сондай-ақ «Əфалимүкəллəфин»(мүкəллəфтің міндеттері)деп те атауға болады.Мүкəллəфтің міндеттері сегіз: Фарыз, уəжіп, сүннет, мустаһаб, мубах, харам, мəкрух жəне мүфсид. 

1- Фарз: Аллаһу та’ала орындалуын Құран аяттарында айқынжəне нақты түрде əмір еткен нəрселерге парыз делінеді. Парызды орындамау харам. Бұларға сенбеген жəне мəн бермеген кісі кəпір бо-лады. Парыз екіге бөлінеді:

Фарзи айн:Əрбір мүкəллəфтің жеке өзінің орындауы тиіс па-рыздар. Иман келтіру, дəрет алу, ғұсыл алу, бес уақыт намаз оқу, Ра-мазан айында ораза ұстау, жағдайы келгенде зекет беру жəне қажға бару фарзи айнға жатады. 

Фарзи кифая:Бірнеше мұсылман немесе біреуінің ғанаорындауымен қалғандарын жауапкершіліктен құтқаратын парыз-дар. Сəлем берілгенде жауап беру, жаназа намазын оқу, жаназаны жуу, Құран Кəрімнің бəрін бастан аяқ жаттап қари болу, жиһад ету, өнер, сауда-саттық жасау сонымен қатар дін жəне пəн ілімдерімен шұғылдану, бəрі-бəрі фарзи кифаяға жатады. 

2- Уəжіп: Орындалуы парыз сияқты нақтыəмірлер.Мұндайəмірлердің Құрандағы дəлелдері парыздардағыдай ашық емес. Зан-ни дəлелдерге, яғни астарлы түрде бұйырылған дəлелдерге сүйенеді. Үтір намазы мен Айт намазын оқу, жағдайы жеткенде құрбан шалу, садақа беру уəжіп əмірлерге жатады. Уəжіптің үкімі парыз сияқты. Уəжіпті тəрк ету тахриман мəкрух. Уəжіп екендігіне сенбеген адам кəпір болмайды. Бірақ жəһаннам отына лайық болады. 

3- Сүннет: Аллаһу та’ала ашық түрде білдірмей,текПайғамбарымыз орындалуын ұнатқан немесе үнемі өзі орындаған істер «Сүннет» делінеді. Сүннетті ұнатпау күпірлікке жатады. Ұнатып та істемеген адам азапқа душар болмайды. Бірақ себепсіз, үзірсіз орындамағандар кінəлəнуға, сауаптан мақрұм қалуға лайық болады. Мəселен, азан оқу, қамат айту, жамағатпен намаз оқу, дəрет алғанда мисуак қолдану, үйленгенде халыққа тамақ беру, баласын сүннетке отырғызу секілді. 

Сүннеттер екі түрлі болады: 

Сүннет-и мүəккəдə:Пайғамбарымыздың үнемі үзбейорындаған, өте аз тəрк еткен сүннеттері. Таң намазының сүннеті, бесін намазының алғашқы жəне соңғы сүннеттері, шам намазының сүннеті, құптан намазының соңғы екі рəкат сүннеті осыған жатады. Мұндай сүннеттер ешқашан үзірсіз тəрк етілмейді. Ұнатпаған адам кəпір болады.

Сүннет-и ғайри мүəккəдə:Пайғамбарымыздың ғибадатмақсатымен орындаған амалдары. Екінді мен құптан намаздарының алдынғы төрт рəкаттық сүннеттері бұған мысал болады. Бұлар көп рет тəрк етілсе де ештеңе етпейді. Ал егер ешқандай себепсіз орын-далмай қойса, кінəлəуға жəне шапағаттан қол үзіп қалуға себеп болады. 

4- Мустаһаб: Бұғанмəндуб,əдепделінеді.Бұның үкімі сүннетіғайри мүəккəдə үкіміндей. Пайғамбарымыздың өмірінде бір немесе екі рет ұнатып істеген істері. Мəселен жаңа туған баланың 7-шi күнiнде ат қойып, ұл жəне қыз балаға ақиқа мал сою, жақсы киiм кию, əдемi иiс-сулар себу мустаһаб iстер болады. Бұларды iстеген адам көп сауап алады, ал iстемегенге азап болмайды, шапағаттан да мақрұм қалмайды. 

5- Мубах: Əмiр де етiлмеген жəне тыйым да салынбағанiстердiатаймыз. Яғни күнə немесе ғибадат екендігі білдірілмеген iстер. Жақсы ниетпен iстелуінде сауапқа, жаман ниетпен iстелуінде азапқа себеп болады. Бұған ұйықтау, халал тамақ жеу, халал жолмен əр түрлi киiм кию сияқты істер мубахқа жатады. Бұлар Ислам дiнiнiң бір əмiрiн орындауға септігін тигізу ниетiмен орындалса сауап беріледі. Мысалы, дені сау болып ғибадат етуге қуат болу мақсатымен ішіп-жеу мубах. 

6- Харам: Аллаһу та’аланың Құран Кəрiмде “iстемеңдердеп ашық бұйырған iстерге айтылады. Харамдардың істелуіне жəне қолданылуына нақты түрде тыйым салынған. Харамға халал деу, халалға харам деу күпір болады. Харам болған нəрселердi тəрк ету, олардан сақтану парыз жəне үлкен сауап. 

Харамдар екі түрлі болады: 

Харам ли-айниһи:Адам өлтiру,зина жасау,құмар ойнау,арақ жəне əртүрлi алкогольдi iшiмдiктердi iшу, өтiрiк айту, ұрлық жа-сау, шошқа етiн жеу, қан, арам өлген жəне Исламға сай сойылмаған мал етін жеу, əйелдер мен қыздардың əурет жерiн ашып көшеге шығуы үлкен харам iстер болып саналады. Бiр адам бұл iстерден бірін iстеген кезде “бисмиллəһ” десе, халал деп сенсе немесе Аллаһу та’аланың харам еткеніне мəн бермесе, кəпiр болады. Бұл iстердің ха-рам екендiгiне сенiп, Аллаһтан қорқып істесе кəпiр болмайды, бiрақ тозақ отына лайық болады. Ал егер сол iстi əрі қарай жалғастырып, iстеп жүрiп өліп кетсе имансыз кетуге себеп болады. 

Харам ли-ғайриһи:Негiзiхалал болып басқалардың ақысыараласқаны үшiн харам болған нəрселер. Мысалы, бiр кiсiнiң бағынан иесiнің рұқсатынсыз жемiстерiн жеу, үйiндегi заттары мен ақшасын ұрлау, аманатқа қиянат жасау, пара алу, өсiм жəне құмар ойнау арқылы ақша немесе байлық табу сияқты. Бұларды істеген адам “бисмиллаһ” деп бастаса немесе ол алғаным халал десе кəпiр болмайды. Өйткенi сол нəрсе бір кiсiнiң халал мүлкі, яғни қайтарып алуы мүмкін. Бес жарым дана арпа ауырлығындағы күмiс мөлшерiндей ақы үшiн, қиямет күнiнде жамағатпен оқылып қабыл болған 700 рəкат намаздың сауабын Аллаһу та’ала алып, хақ иесіне бередi. Харамнан қашудың сауабы ғибадат етуден де көп. Сондықтан харамдарды танып, үйреніп, олардан бойын аулақ ұстау керек. 

7- Мəкрух: Аллаһу та’ала жəне Мұхаммед алейһиссаламұнатпаған жəне ғибадаттардың сауабын азайтатын iстер. 

Мəкрух екі түрлі болады: 

Тахримəн мəкрух:Уəжiптiң тəркі болып,харамға жақынмəкрухтер. Бұларды істеу азапқа душар қылады. Мəселен күн жаңа туып келе жатқанда, дəл тас төбеге жеткенде жəне күн батып бара жатқанда намаз оқу сияқты. Бұларды əдейi жасаған күнəһар болады. Тозақ отына түседi. Намаздардың уəжiптерiн орындамағандардың, тахримəн мəкрух істегендердің сол намазды қайта оқулары уəжiп болады. Егер қателесіп, ұмытып істесе намаз соңында сəһу сəждесiн жасауы тиiс. 

Тəнзиһəн мəкрух:Мубах,яғни халалға жақын амалдар неме-се істелмеуі абзал болған iстер. Ғайри муəккəдə сүннеттерді немесе мустаһабтарды тəрк ету сияқты. 

8- Муфсид: Дiнiмiзде əмiр етiлген бір істі жəне халді немесе бастап қойылған бір ғибадатты бұзатын iстер. Иманды, намазды, некені, қажылықты, зекетті жəне сауданы бұзатын істер сияқты. Мəселен: Аллаһ пен Құран Кəрiмдi сынау, балағаттау күпiр болып иманды бұзады. Намазда күлу дəреттi жəне намазды бұзады. Ораза ұстап жүрiп бiле тұрып iшiп-жеу оразаны бұзады. Яғни осы жəйттер жоғарыдағы ғибадаттардың муфсиді болып саналады. 

Парыздарды, уəжiптердi жəне сүннеттердi орындап харамнан, мəкрухтан сақтанғанға сауап берiледi. Харамдар мен мəкрухтерді iстеп, парыздар мен уəжiптердi істемегендерге күнə болады. Бiр харамнан сақтанудың сауабы бір парызды орындаудың сауабынан əлдеқайда артық. Бiр парыздың сауабы бiр мəкрухтен сақтанудың са-уабынан көп болады. Ал мəкрухтен сақтанудың сауабы сүннеттiң са-уабынан көбiрек. Мубахтар iшiнде Аллаһу та’ала ұнатқан амалдарға “Хайрат жəне хасенат” (қайырымдылық жəне игілік) делiнедi. Бұларды орындағандарға да сауап берiледi. Бірақ бұл сауап сүннет сауабынан аз.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы