Дүйсенбі, 09 Наурыз 2015   |   1788 рет оқылды

НАМАЗ ОҚУ

Дінімізде иманнан кейін ең бағалы ғибадат - намаз. Намаз -діннің тірегі. Намаз ғибадаттардың ең жоғарғысы. Исламның екінші шарты. Арабтар намазды «Салат» дейді. Салат негізінде дұға, рахмет пен кешірім деген мағыналарға келеді. Намаз осы үш мағынаның барлығын өзіне жинағаны үшін салат деп аталған. Аллаһу та’аланың ең көп ұнатып жəне қайта-қайта əмір еткен амалы - бес уақыт намаз. Аллаһу та’аланың мұсылмандарға иман еткеннен кейінгі ең маңызды əмірі намаз оқу. Дінімізде алғаш рет əмір етілген парыз - намаз. Қиямет күні иманнан кейінгі сұрақ намаз жайында болады. Бес уақыт намаздың есебін берген адам өзге сынақтардан оңай құтылады. Тозақтың отынан құтылып жұмаққа қауышу, на-мазды дұрыс оқуға байланысты. Намаздың дұрыс орындалуы үшін құсырсыз дəрет алып, жалқаулық танытпай намазға кірісу керек.

Барша ғибадатты қамтып жəне адамды Аллаһу та’алаға жақындата түсетін ең қайырлы амал - намаз. Сүйікті Пайғамбарымыз хадисінде былай дейді: «Намаз - діннің тірегі. Намаз оқыған адам дінін қуаттандырады. Намаз оқымаған адам əлбетте діннен айырыладыНамазды үнемі дұрыс оқитын адам жаман,жағымсызістерден сақтанған болып есептеледі. Анкабут сүресінің 45- аятында: «Дұрыс оқылған намаз,адамды жеркенішті,жағымсыз,тый-ым салынған əрекеттерден сақтайды»делінген. 

Адамды жамандықтан сақтай алмаған намаз, дұрыс оқылған намаз емес, оның көрінісі ғана намаз болады. Сонымен қатар, дұрыс намаз оқуға қол жеткізгенше көріністе де болса, намаз оқуды тастамау қажет. Ислам ғалымдары, «Бір нəрсенің толығын орындай алмаған жағдайда, қалғанынан да айрылып қалмау ке-рек», деген. Шексіз ихсан иесі болған Раббымыз, көріністе болған намазды да рахымдылығымен қабыл етуі мүмкін. Сондықтан «Бұлай қате оқығанша еш оқымағаның дұрыс» деуден сақтанып, керісінше «келіңдер намазымыздың қатесін түзетейік» дегеніміз жөн. (Намаз оқымай, «Істесем толық істеймін» деген сылтауды ай-тып, такаппарланғандардан шала да болса жарым-жартылай істеп жүргендер Аллаһтың мейіріміне жақынырақ болады.)

Намазды жамағатпен оқыған дұрыс. Жамағатпен оқудың сауабы жалғыз оқығаннан əлдеқайда көп. Сондай-ақ, намазда əрбiр мүшенің əдеп сақтап, жүрек Аллаһу та’аладан қорқу халінде болу керек. Адам-ды екi дүниеде қиыншылық пен пəлекеттен құтқаратын амал - на-маз ғана. Аллаһу та’ала Мүмин сүресiнiң бас жағында: «Мүминдер əлбетте құтылады. Олар намаздарын хушумен (ықыласпен) оқитындар»-деген. 

Қауып-қатер төніп тұрған, кедергілер көп болған жағдайларда орындалған ғибадаттың сауабы өте көп болады. Жастардың ғибадаттарына қарияларға қарағанда көбірек сауап берілуінің себебі де осында. Өйткенi, бұл жастар нəпсінің жаман, жағымсыз жəне ғибадаттан қашу сияқты қалауларына қарсы шыққан болады. Ал жасы жеткендерде мұндай кедергілер жастардікіндей көп болмайды. 

Жастықта адамдың ғибадат етуіне үш дұшпан тосқауыл бола-ды. Бұлар: шайтан, нəпсi жəне жаман жолдас. Барша пəлекеттiң басы жаман жолдастан басталады. Жас жан осы дұшпандардан келетін арам ниет пен армандарға еріп кетпей, намаз оқып, ғибадаттарын уақытында орындаса, үлкен сауапқа қауышады. Аз ғана ғибадатына көптеген сауап жазылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы