Дүйсенбі, 09 Наурыз 2015   |   1284 рет оқылды

Намаз оқу кiмдерге парыз?

Намаз оқу ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен əрбір ер жəне əйел мұсылманға парыз. Намаздың парыз болуы үшiн мына үш шарт орындалуы керек: 

  1. Мұсылман болу тиіс. 
  1. Ақылды болу тиіс. 
  1. Балиғат жасына толу тиіс. 

Дiнiмізде ақыл-есi толмаған, балиғат жасына жетпеген балаларға намаз оқу мiндеттi емес. Алайда, ата-аналар балаларына дiни тый-ымдарды үйретіп, ғибадатқа əдеттендіруі тиiс. Пайғамбарымыз бұл тұрғыда былай деген: «Əрбіріңіз бiр отардың шопаны сияқтысыз. 

Шопан отарын қорғағаны сияқты, сіздер де жанұяңыздағы жəне қол астыңыздағы жандарды тозақтан сақтауға тиiссiздер. Оларға мұсылмандықтың шарттарын үйретулерiңіз керек. Үйретпесеңіз жауапқа тартыласыздарТағы бiр хадисте: 

«Дүниеге келгенəрбiр сəби мұсылмандыққа икемді болып туы-лады. Оны кейiннен ата-аналары христиан, яһуди немесе дiнсiз қылады-делінген. 

Олай болса, əрбiр мұсылманның ең басты мiндетi - балаларына Құран Кəрiм мен исламның шарттарын үйрету. Баласының мұсылман болуын, бұл дүние мен ахыретте бақытқа кенелуiн қалаған ата-ана алдымен осы мiндетiн орындауы керек. Өйткенi, ағаш жас кезiнде егіледі. 

Ислами iлiм мен əдептен бейхабар өскен бала жаман жолдағы адамдарға тез алданады. Осылайша ата-анасына, еліне, халқына жəне ұлтына лағынет келтіретін бұзақы адам болып шыға келедi.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы