Адам алейһиссаламнан берi əрбiр дiнде белгiлi бір уақытта орын-далатын намаздар болған. Сол ғибадаттардың барлығы жинақталып, Мұхаммед алейһиссаламның үмбетiне парыз етiлдi. Намаз оқу иманның шарты емес. Алайда намаз оқудың парыз екендiгiне сену иманның шарты болып табылады.

Намаз -дiннiң тiрегi.Намазын үзбей,əрiқатесiз оқитын адамислам ғимаратын тұрғызғанмен бірдей болады. Ал оқымағандар керісінше ислам ғимаратын құлатқанмен бірдей болып саналады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Дiнiмiздiң басы, негiзi – намаз» деп намаздың өзектiлiгiне мəн берген. Бассыз адам болмағандай, намазсыз да дiн болмайды. Намаз – Ислам дiнiнде иманнан кейiнгi орындалуы қажеттi парыз. Аллаһу та’ала құлдарының тек өзiне ғана құлшылық жасауы үшiн намазды парыз қылды. Құран Кəрiмде жүзден астам аятта «Намаз оқыңдар» деген əмiр кездеседi. Хадис шəрифте: «Аллаһу таала, əр күнi бес уақыт намаз оқуды парыз қылды. Бес уақыт намазына ерекше мəн берiп, шарттары-на сəйкес оқыған мұсылманды пейiшке кiргiзетiндiгiне Аллаһу таала уəде бердi»,-деп айтылады.Намаз–дiнiмiзде орындалуыəмiр етiлген ғибадаттардың ең құндысы. Бір хадис шəрифте: «Намаз оқымағанның ислам дiнiнен нəсiбi жоқ»–деп айтылған.Тағы бiр хадис шəрифте: «Мұсылман мен кəпiрдiң арасындағыайырмашылық намаз»-деп,намаздың маңыздылығы менөзектiлiгi атап көрсетілген. Яғни иман келтiрген құл намаз оқиды, ал кəпiр намаз оқымайды. Мұнафиқ (екi жүздi) бiрде оқыса, бiрде оқымайды. Мұнафиқ тозақта қатты азап шегедi. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Қиямет күнiнамаз оқымағандарға Аллаһу таалаашулы, қаһарлы түрде мəмiле жасайды»-деп ескерткен. 

Намаз оқу -Аллаһу та’аланың ұлылығын аңғару,əрі Оныңқұзырында қаншама əлсіз екенімізді түсiну. Бұны жете түсiнген адам əрқашан жақсылық жасайды. Жамандықтан аулақ болады. Күнде Жаратқан иесiнiң құзырында бес рет болуды ниеттенген жанның жүрегi ықыласқа толы болады. Намазда орындалуы əмiр етiлген əрбiр əрекет адамның жүрек тазалығына əрi денесiне пайдалы əсерін тигізеді.

Мешiтте жамағатпен намаз оқу - мұсылмандардың бiр-бiрiне деген сүйiспеншiлiгiн арттырады. Бiр-бiрiне бауыр екендiктерiн аңғартады. Жастар үлкендердi құрметтейдi. Байлар кедейлерге, қуаттылар əлсіздерге жəрдем бередi. Мұсылмандар жамағат ара-сында көре алмаған сырқат бауырларын іздестіріп, үйiне барады. 

«Дiн бауырына жəрдем беруге асыққанның жəрдемшiсi - Аллаһутаала»деген хадистегiсауапқа қауышу үшін бiр-бiрімен жарысады. 

Намаз адам баласына тыйым салынған,жағымсызiс-əрекеттердiiстеуден бас тартқызады. Күнəларға кəффарат (өтеу) болады. Бұл жайында хадис шəрифте: «Бес уақыт намаз - үйiңіздің алдынан ағып жатқан өзен секiлдi. Ол өзенге күнiне бес рет жуынған адамның кiрі кетіп, күнəлары кешіріледі» -делінген. 

Намаз Аллаһу та’ала жəне оның елшiсiне иман келтiруденкейiнгi күллi ғибадаттардың ең абзалы. Сондықтан намазды па-рыздарына, уəжiптерiне, сүннеттерi мен мустаһабтарына назар ау-дарып, кемшiлiксiз орындау қажет. Пайғамбарымыз алейһиссалам: 

«Ей үмбетiм! Ей сахабаларым! Кемшiлiксiз оқылған намаз - Аллаһу таала əмiр еткен ғибадаттардың ішіндегі ең абзалы, ең ұлысы! Пайғамбарлардың сүннетi. Перiштелердiң сүйгенi. Бiлiмнiң, жетi қабат көктiң нұры. Дененiң қуаты. Рызықтың берекетi. Дұғаның қабыл болуына себепшi. Əзiрейiлдiң құзырында шапағатшы. Қабiрде жарық. Мүнкəр-Нəкiрге берiлер жау-ап. Қияметте көлеңке. Тозақ отына қалқан. Сырат көпiрiнен найзағай секiлдi өтуiңе жəрдемшi. Жəннаттың кiлтi. Пейiште басыңа тəж. Аллаһу тааланың иманды құлдарына берген ең ұлы сыйлық. Егер намаздан да абзал өзге бір ғибадат болғанда, Аллаһ иманды құлдарына алдымен соны бiлдiрер едi. Күллi перiште атаулының кейбірі қиямда, кейбірі рүкуде, кейбірі сəждеде, кейбірі де ташаһһудте. Мұның барлығын бiр-ақ рəкат намазға сыйғызып, мұсылмандарға сыйға тартты. Өйткенi, намаз - иманның басы, дiннiң тiрегі, Исламның нағыз өзi. Момынның миғражы. Көктiң нұры. Тозақтан құтқарушы». 

Бiр күнi хазреті Əли (радыяллаһу анһ) екiндi намазын өткiзiп алады. Бұл ісіне өте қатты қайғырып, өзiн-өзi кiнəлап қатты қапа бол-ды. Егiлiп жылап, көз жасын төктi. Пайғамбарымыз алейһиссалам бұл туралы естiген соң, сахабаларымен бiрге хазреті Əлиге барып оның халiн көрiп Пайғамбарымыз да жылай бастады. Дұға еттi. Сол сəтте күн қайта көтерiлiп Расул алейһиссалам: «Ей, Əли, басыңды көтер, күн əлi батпады»–дедi.ХазретіƏли бұған қуанып,намазыноқыды.

Хазреті Əбу Бəкiр Сыддық (радыяллаһу анһ) бiр түнi өте көп ғибадат етiп, нəтижеде үтiр намазын оқымастан ұйықтап қалады. Таң намазы болғанда Пайғамбарымызға алейһиссалам келiп: «Ей Аллаһтың елшiсi! Маған көмектес, үтiр намазым қаза болып қалды» - деп қайғырып жылады. Оған қосылып Пайғамбарымыз алейһиссалам жылай бастады. Сол кезде хазреті Жəбрейiл келiп: “Ей Аллаһтың елшiсi! Əбу Бəкiр Сыддыққа айт, оны Аллаһу та’ала кешiрдi”- дедi. 

Атақты əулиелердiң бiрi Баязид Бистами бiр күнi қатты ұйқы ба-сып, таң намазына тұра алмайды. Бұған қатты қайғырып, тəуба етіп, жылап жатқан кезінде бiр дауыс естидi: «Ей Баязид, бұл кемшiлiгiңдi кешiрдiм, осы көз жасымен жасаған тəубаңның берекетi үшiн саған тағы да жетпiс мың намаздың сауабын бердiм». Бiрнеше ай өткен соң тағы да таң намазында ұйықтап қалады. Шайтан келiп: “Тұр, намазың қазаға қалып қояды, тұр”- деп оята бастайды. Сол кезде хазреті Баязид былай дейдi: “Ей, лағынеттелген шайтан, сен бұл iстi қалайша iстеп тұрсың? Сен əркiмнiң намазын оқымауы үшiн, қазаға қалдыруы үшiн тырысатын едiң, менi қалайша оятып тұрсың?”. Шайтан былай жауап береді: “Сен өткенде, таң намазын қаза етiп қойған күнi, жылап жетпiс мың намаздың сауабын алған едiң. Бүгiн соны ойлап, бiр-ақ уақыт намаздың сауабын алсын деп сенi ояттым, оның орнына жетпiс мың намаздың сауабын алып қоймасын дедiм.” 

Мəшһур əулиелердiң бiрi болған Жунайд Бағдади былай деген едi: “Бұл дүниенiң бiр сағаты - қияметтiң мың жылынан жақсырақ. Өйткенi бұл бiр сағатта iзгi, жақсы iстердің көбiн iстеуге болады, ал қияметтегi мың жылда еш нəрсе жасай алмайсың”. 

Пайғамбарымыз алейһиссалам бiр хадисiнде былай деген: 

«Бiр кiсi бiле тұра бiр намазы мен екiншi намазын бiрiктiрсе, яғни қазаға қалдырса, сексен хуқбə тозақта жанады».Бiр хуқбəахыреттің сексен жылына тең. Олай болса, ей, дiні бір бауырым! Уақытыңды бос əрi пайдасыз нəрселермен өткiзбе. Уақыттың қадiрiн бiл. Уақытыңды iзгi iстер iстеуге сарып ет. Сүйiктi Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Қайғының, бəленiң үлкенi уақытын босқа өткiзу»-деп айтып өткен. Намазыңды уақытында оқып, мол сауаптарға қауыш. Қиямет күнi өкініп қалма. Хадис шəрифте: «Намазды уақытында оқымай, қаза қылған адам қазасын өтеместен өлiп кетсе, оның қабiрiне тозақтан жетпiс терезе ашылып, қияметке дейiн азап-талады».

Кiмде-кiм намазын уақытында бiле тұра оқымаса, яғни намаз уақыты өтiп бара жатса да еш уайымдамайтын болса, дiннен шығады немесе өлiм алдында имансыз кетедi. Ал намазды ойламайтындар, оның парыз екендiгiн де бiлмейтiндердiң халi не болмақ? Намаздың өзіне мiндет екендiгiн бiлмейтiн кiсiлердiң муртəд, яғни кəпiр екендiгiн төрт мазһабтың барлық ғұламалары бір ауыздан айтқан. Намазды бiле тұра оқымайтын, қазасын оқуды да ойламайтын, əрi бұл үшiн азапталудан да қорықпайтын кісінің “муртəд”, яғни кəпiр болатыны туралы Абдулғани Наблусидың Хадиқат-ун-нəдийя кiтабының “Тiлдiң апаттары” атты бөлiмiнде жазылған.

Имам Раббани «Мəктубат» кiтабының 1-том, 275-хатында былай дейдi: «Сiздердiң бұл нығметке қол жеткізулерiңiздің негізгі себебі – Ислам дiнiн үйрету жəне фиқһи мəселелердi кеңiнен түсiндiруіңіз болды. Ол жерлерде надандық үстемдiк құрып, бидғаттар жайылды. Аллаһу та’ала Ислам дiнiн жаюда сiздердi себепшi қылды. Олай бо-латын болса, дiни мағлұматтарды үйретуге əрi фиқһи мəселелердi жаюға қолыңыздан келгенше жəрдем беруге тырысыңыз. Аталған екеуi – барша бақыттың бастауы, дамудың негiзi, тозақтан құтылуға жəрдемшi. Бұл жолда бар күш-қайратыңызды жұмсаңыз! Дiн өкiлi ретінде өзiңіздi танытыңыз! Ол жердегiлерге жақсылық жасауды əмiр етiп, жамандықтан тыйыңыз. Тұра жолды нұсқаңыз. Музаммил сүресінің 19-шы аятында: «Раббыңның разылығына қауышуүшін бұл əлбетте бір насихат»-деп бұйырылды».



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы