ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/21/2018 282

«МАЗХАБСЫЗБЕН СҰХБАТ» КІТАБЫ СЫР ОҚЫРМАНДАРЫНА ЖОЛ ТАРТТЫ

Бүгінгі қаламыздағы Ә.Тажібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Зайырлылық – қоғамдық келісім кепілі» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция соңы салтанатты шаралармен жалғасты.

Атай айтар болсақ, ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жақында ғана шыққан «Мазхабсызбен сұхбат» атты авторлық кітабының лентасы қиылып, Сыр өңірінің оқырмандарына жол тартты.
Наиб мүфти кітабының мазмұнын конференцияға қатысушыларға таныстырып, көпшілікке қолжетімді болсын деген ниетпен облыстық әмбебап кітапхана қорына тарту етті.

Сонымен қатар, аталмыш шара аясында ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты мешіттерде қызмет атқарушы бірқатар имамдар аймақтағы конфессияаралық татулық пен төзімділікті нығайту, мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын насихаттаудағы белсенділіктері үшін облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов мырзаның атынан тағайындалған «Алғыспен» марапатталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі