ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
12/01/2018 236

СЫР МЕШІТТЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Бүгін «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты қала және аудан мешіттерінің Бас имамдары 2018 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша есеп берді.

Имамдар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бекітілген төрт бағыт: оқу-ағарту, діни-ағартушылық және үгіт-насихат жұмыстары, жат ағымның алдын-алу, қайырымдылық бағыттарынан бөлек Басқарма тарапынан келген өзге де тапсырмалар мен басқаларға үлгі боларлық іс-шаралар, мешіт құжаттамасы, кадр мәселесі, жастар бағытының есебін баяндап, көрсеткіштерімен бөлісті.

ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы мешәт имамдарына атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша сын-ескертпелер берді, сонымен қатар аймағымызда өткізілген өнеге аларлық шараларды атап өтті.

Жиын соңында Өкіл имам қызметкерлерге аталмыш жылда атқарылған жұмыстарға, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, етене атсалысқандары үшін алғыс білдіре отырып, келер 2019 жылы бұдан да белсенді жұмыс атқарылуы керектігін жеткізді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

На данном изображении может находиться: 2 человека, люди сидят, стол и в помещении

На данном изображении может находиться: 4 человека, в том числе Rustem Eshmaxan, люди сидят и в помещении

На данном изображении может находиться: 6 человек, в том числе Маратхан Чадаев и Женис Садыков, в помещении

На данном изображении может находиться: 23 человека, в том числе Асхат Аскаров, Берик Сулайман, Бақыт Улжаев, Болатбек Абуов, Мұсабек Тағанұлы, Маратхан Чадаев, Ғазиз Құлкеев, Қайырбек Отызбаев, Berik Arynov и еще 2, люди стоят