ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/24/2018 823

Қызылорда: 20 ШӘКІРТТІҢ ОҚУ АҚЫСЫН ӨТЕП БЕРДІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде оқып жатқан Қызылордалық студенттермен кездесті.

Бұған дейінгі өткен кездесуде «Нұр-Мүбарак» университетінде білім алып жатқан Қызылордалық студенттермен үш жақты келісімшарт жасалған еді.

Өкіл имам, аталмыш келісімшарт негізінде, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бюджеттен тыс жолдармен қарастыру арқылы 20 шәкірттің оқу ақысын төлеуге аударған қаражатын бөліп беріп, студенттерге аймақ басшысының сәлемін жеткізді.

Сапар барысында Болатбек Ұласқанұлы университет ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад әл-Жинди мырзамен кездесіп, жаңа қызметімен құттықтай келе, сәттілік тіледі. Ректор өз кезегінде, аймақ басшысы мен өкіл имамға білім жолындағы шәкірттерге білдіріп жатқан қамқорлықтары мен қолдаулары үшін алғыс білдірді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі