ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/24/2018 242

Қызылорда: 300 АДАМҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ДАСТАРҚАНЫ ЖАЙЫЛДЫ

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің жанындағы асханада 300 адамға арналған қайырымдылық дастарқаны жайылды.

Белгілі кәсіпкердің демеушілігімен жасалған қайырымдылық асқа әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көру қабілетінен айырылған, естімейтін және сөйлей алмайтын жандар арнайы шақыртылды.

Демеуші мен аталмыш шараның өтуіне мұрындық болушы жандарға келген қонақтар алғыстарын жаудырып, риза болған күйде үйлеріне тарқасты.
Есімін жария етпеуін өтінген кәсіпкерге Алла мол сауаптан жазсын!

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі