Адамдар періштелер секілді нұрдан жаратылмаған, қанаттары  да  жоқ,  әрі  олар  секілді  алапат  күш  пен жылдамдық иесі де емес. Мәселе солай бола тұра, адам- дар  дәреже тұрғысынан салыстырғанда, періштелерден әлдеқайда жоғары.

1.  Адамдар   арасынан   шыққан   пайғамбарлардың дәрежесі     періштелердің   пайғамбарларынан   жоғары. Аллаһ Тағала адамдар арасынан пайғамбар шығарғаны секілді, періштелер арасынан да пайғамбарлар сайлаған:

«Аллаһ періштелерден де, адамдардан да елшілер бел- гіледі. Шәксіз Аллаһ әр нәрсені аса естуші, тым көруші» (22.Хаж-75).  Ислами  тақырыптағы  еңбектердегі  дерек- терге жүгінсек, ғұламаларымыз төрт үлкен періштені өзге періштелердің  пайғамбарлары  деп  бөліп  қарастырады. Мұнымен  қатар,   Аллаһ   Тағала  адамдарға  «Халифа» ұғымын қолданып, (қараңыз: 2.Бақара-30) періштелерден жоғары екендігін айқын білдіреді.

2. Аллаһ Тағала Адам атаны жаратқан соң бүкіл пе- ріште атаулыға оған сәжде етулерін бұйырды және күллі періште  Адамға сәжде етті (2.Бақара-34). Әлбетте, бұл да адам баласының періштелерге қарағанда дәрежесінің әлдеқайда   жоғары   екендігін   тайға   таңба   басқандай дәлелдеп  тұр.  Егер  періште  адамнан  жоғары  болғанда адамға   әсте  сәжде  етпеген  болар  еді.  Ал  дәрежесі төменнің дәрежесі үлкенге тағзым ететіндігі бесенеден белгілі жайт.

3. Адам    ата    Аллаһ    Тағаланың    өзіне    берген қабілет-қарымы мен зеректігінің арқасында періштелерге қарағанда көп нәрсенің ақиқатына молынан қанық бола- тын. Себебі, Аллаһ Тағала заттардың атауын періштелер- ден сұрағанда олар атай алмай, Адам атаның айтып бере- тіні белгілі (қараңыз: 2.Бақара-31-33). Бұл да білген мен білмегеннің бір деңгейде емес екендігін аңғартады.

4. Періштелердің  ең  ұлығы  Жәбірейл  (а.с.)  Аллаһ Тағала   мен   Оның   пайғамбарлары   арасында   елшілік қызметті атқарған. Елшілікке барған кісінің өзі баратын кісіден  дәрежесі  жоғары  болмасы  белгілі.  Олай  болса, мұнда да пайғамбарлар, дәреже тұрғысынан алғанда, пе- ріштелерден әлдеқайда жоғары болып тұр деген сөз.

5. Періштелердің    ең     ұлығы     Жәбірейл     (а.с.) Миғраж  түні  Хазіреті  Пайғамбарымызды  көкке  алып шығады   да,  Сидрәтул-мунтаха  деген  жерге  келгенде Пайғамбарымызға: «Мен мына жерден ары өте алмаймын. Егер бір қадам аттасам, күл болып кетемін. Ары қарай өзің барасың», - дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) болса одан ары өзі көтеріліп, Аллаһ Тағаламен перде арқылы дидарласа- ды. Адамның көтерілген жеріне періштенің жете алмауы да, соңғысының дәрежесінің төмен екендігінің бірден-бір айғағы.

6. Ұлық періштелердің пайғамбар емес қарапайым қатардағы пенделерден дәрежесі жоғары болмақ.

7. Тақуалар мен шейіттер, ізгі амал істеуші пенделер жай қатардағы періштелерден дәреже тұрғысынан жоғары тұрады. 

8. Ал  сол  қатардағы  жай  періштелердің  дәрежесі – адамдар арасындағы күнәһар, кәпір, мунафиқ, фасық секілді пенделердің дәрежесінен әлдеқайда жоғары бола- ры сөзсіз.

9. Періште  Жаратушыны  көріп  иман  еткен  болса, адам  Аллаһ  Тағаланы  көрмей  иман  етті.  Иманның  ең жоғарғысы  -  ғайыпқа,  яғни  көзге  көрінбейтін  нәрсеге сену. Олай болса, адам имани дәреже тұрғысынан да пе- ріштеден жоғары екендігі шүбесіз.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы