Ұлы Жаратушының пенделеріне түсірілген қасиетті кітаптардың ең алғашқысы – Таурат. «Таурат» сөзі ибрит- ше  «заң», «шариғат», «әмір», «дәріс» деген ұғымдарды білдіреді117. Аллаһ Тағала яһудилерге хақ жолды көрсету үшін Тауратты  түсірді. Бұл кітапты христиандар «Ескі өсиет»  деп  атайды.  Таурат Хазіреті  Мұса  пайғамбарға түскен қасиетті кітап болғандықтан әрбір мұсылманның оған сенуі парыз болып табылады. Аллаһ Тағала Құранда Тауратты түсіргендігін ашық түрде баян етеді: «Күдіксіз Тауратты  түсірдік,  онда  тура   жол  және  нұр  бар. Аллаһқа бой ұсынған пайғамбарлар Яһудилерге оны- мен үкім етер еді. Және Аллаһтың Кітабын қорғауға міндеттендірілген раббанилер мен ғалымдар да оны- мен үкім етер еді. Олар оған куәгер еді..» (5.Майда-44).

«Аллаһты    лайықты    түрде    бағаламағандар    сол уақытта: Аллаһ адам баласына ешбір нәрсе түсірмеді, деді. Мұсаның адам баласына бір нұр және туралық түрінде әкелген кітабын кім түсірді? Сендер оны бөлшек-бөлшек қағаздар  етіп,  кейбірін  көрсетіп,  көбін  жасырасыңдар. Негізінде     аталарыңның  әрі   сендердің   білмегендерің үйретілген  болатын.  Оны  Аллаһ  түсірді  де»  (6.Әнғам – 91). Құран аяттарына зер салсақ «Таурат» сөзі 18 рет кездесетініне көз жеткіземіз.

Алайда,  бұл  қасиетті  кітап  Хазіреті  Мұса  (а.с.) дүниеден   өткен   соң   көп   уақыт   өтпестен-ақ   әуелгі түпнұсқасынан ауытқи бастады. Уақыт өте келе Израйыл ұлдары көптеген қуғын-сүргінге ұшырап, Таурат кітабы сақталған  сандықтарын  жоғалтады.  Осы  секілді  жайт- тар  Таурат   мазмұнының  өзгеріске  ұшырауына  әкеліп соқтырады. Әлемде «Ескі өсиет» атымен танылған Таурат кітабының бізге белгілі үш нұсқасы бар: 1. Яһудилер мен Протестанттар сеніміндегі - ибрит тіліндегі нұсқасы; 2. Рим және шығыс христиан шіркеулері қабыл еткен - грек тіліндегі нұсқасы. 3. Самирилердің қабыл еткен -«Сами- рише» нұсқасы.

Яһудилердің ұстанатын Таураттың әлгі үш нұсқасын салыстырып қарастыратын болсаңыз, олардың арасында бірқатар  айырмашылықтардың  бар  екендігін  байқауға болады.   Яһудилердің   тарихында   қырғынға   ұшырау, қуғындалу,  жер   аударылу  секілді  оқиғалар  жеткілік- ті болды. Мұның өзі  Таурат түпнұсқасының жоғалуына бірден-бір себеп болатын.  Нәтижесінде Таураттың ілкі нұсқасының   орнына   дін   адамдары   жағынан   қолмен жазылған Таурат пайда болды.  Өйткені, Хазіреті Мұса (а.с.) пайғамбар шамамен б.э.д. ХІІІ ғасырда өмір сүргені белгілі. Ал қазіргі кездегі ибрит тілінде жазылған Таурат кітабының ең көне нұсқасы б.э.д. VII немесе X ғасырда жазылғандығы анықталып отыр. Демек, хронологиялық тұрғыдан алғанда, Хазіреті Мұса пайғамбар тұсындағы қасиетті  Таураттың жоқ екендігіне көз жеткіземіз. Ал, мұндай жағдайдағы біздің міндетіміз – Аллаһ Тағаладан түскен Таураттың бастапқы нұсқасына ғана иман ету.

Қазіргі кездегі Таурат кітабының қамтитын мәселелері мынадай бөлімдерден тұрады:

1. Беремин - Жаратылыстың басталуы: бұл бөлімде әлемнің қалай жаратылғандығы, Адам атаның жаратылуы мен үрім  бұтағы,  Хазіреті Нұх пайғамбардың өмірі мен топан су, Хазіреті Ибраһим, Хазіреті Лұт, Хазіреті Исхақ, Хазіреті Яқуб, Хазіреті  Юсуф пайғамбардың өмір тари- хы және Мысыр еліне көшулері баян етіледі. Бұл тарихи оқиғалар жүйесі 50 тараудан тұрады. 

2. Шемот  -  Мысырдан    көшіп    шығу:    Исрайыл  ұлдарының   Мысыр   еліндегі  тұрмыс-тір- шілігі, Ферғауыннан көрген қорлықтары, Мұса (а.с.) пайғамбардың  Аллаһтың  елшісі  ретінде  Ферғауынмен күресі,  Мысыр  халқына  Аллаһтың  жіберген  апаты,  10 әмірдің берілуі,  Мысыр елінен Кенан (Палестина) еліне көшуі секілді жағдаяттар баян етіледі. Бұл бөлім 40 тара- удан тұрады.

3. Вайсра - Діни үкімдер: Бұл бөлімде күнәлар, халал мен харам тағамдар, тыйым салынған некелер, діни мере- келер, тазалану жолдары секілді діни үкімдер баян етілген. Үкімдердің жалпы жиынтығы 27 тарауды құрайды.

4. Бамидбар   –  Сандар:       Бұл бөлімде Исрайылұлдарының   Хазіреті   Мұсадан  (а.с.)    кейінгі  жағдайлары,  Тур  тауынан  көшіп  Кенан  (Палести- на)  өлкесіне баруы, кейбір сандар, діни үкімдер, ажал мәселесін баян етеді. Бұл бөлім 36 тараудан тұрады.

5. Дварим – Екілік: Хазіреті Мұсаның (а.с.) айтқан өсиеттері,    қайтыс   болуы, жерленуі,   Хазіреті  Мұса пайғамбар кезінде болмаған кейбір дәстүрлер және діни үкімдер баяндалады. Бұл бөлім 34 тараудан тұрады. 

а) Таураттың өзге бөлімдері

Яһудилер  өздерінің   қасиетті   кітаптарын   «Тора» деп  атайды да оны жазбаша, ауызша деп екіге бөледі. Яһудилердің түсінігі бойынша, жазбаша Тора Аллаһтың Тури Сина тауында  Хазіреті Мұсаға уахи етілген кіта- бы. Ал, ауызша Тора болса,  жазбаша Тораның тәпсірі іспетті болып, ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып келген «Талмуд» атты кітап болып саналады. Яһудилер ауызша То- раны жете ұғынбай, жазбаша Тораны түсіну мүмкін емес дейді.  Жазбаша  Тораға  Хазіреті  Мұсадан  (а.с.)  кейінгі пайғамбарлардың айтқан нақыл сөздері қосылып кеткен. Христиандар бұл кітапты «Ескі Өсиет» десе, Яһудилер  «Танах» дейді. Бізге ол кітап Таурат ретінде белгілі.

Танахтың өзі үш кітаптан тұрады: Тора (заң), Неби- им (пайғамбарлар) және Кетубим (жазбалар).

Тора 5 негізгі бөлімнен тұрады.

Ал, Небиим пайғамбарлар деген ұғымды білдірген- діктен бұл бап пайғамбарлар жайлы оқиғаларға арналған. Кітапта    пайғамбарларды      «Алғашқы      пайғамбарлар», «Соңғы пайғамбарлар» деп екіге бөліп қарастырады.

1. «Алғашқы пайғамбарлар» бөлімінде Хазіреті Мұса (а.с.)қайтысболғаннанкейінгіяһудилерҚұдайдыңөздеріне уәде   еткен  мекенге,  өлкеге  орналасуы,  патшалықтың құрылуы мен басқарылуы, яһудилердің пұтқа табынушы- лармен  күресі  және  қасиетті  ғибадатхананың  салынуы мен қирауы туралы баяндалады. Бұл бөлім: Яшу, Хакім- дер, 1. және 2. Самуел; 1. және 2. Патшалықтар туралы жазбалар секілді тақырыптардан тұрады.

2.     «Соңғы     пайғамбарлар»    бөлімінде     кейінгі пайғамбарлардың пұтқа табынушылармен болған күресі, жалғыз   Құдай  түсінігін  өзгелерге  жаю  үшін  жасаған еңбектері мен  өсиеттері айтылады. Бұл бөлімде негізі- нен: Ишая, Иремя, Хазекиел, Хошеа, Ёел, Амос, Обадя, Жүніс, Мика, Нахум, Хабаккуч, Тсефаня, Хазай, Зекерия және Малаки тәрізді  пайғамбарлардың жазбалары баян етіледі120.

Танах кітабының «Кетубим» атты бабы 13 бөлімнен тұрады. Олардың қысқаша мазмұны төмендегідей:

1. Жырлар (техилим): Яһудилердің түсінігі бойынша, Танахта келтірілген жырлар тарауы Дәуіт (а.с.) пайғамбар тарапынан жазылған. Тауратта бұл бап «Забур жырла- ры» деп келтіріледі және ол 150 тақырыптан тұрады. Бұл

150 жырдың  73-ін  Дәуіт  пайғамбар,  қалғанын  өзге  де ұлы  тұлғалар шығарған деген пікірлер бар. Жырлардың жалпы  мазмұны  Құдай  Тағаланың  сүйіспеншілігі  мен қамқорлығына  таңырқап,  шексіз  ұлылығын,  рақымын, жарылқауын  айта  келіп,  Ұлы  жаратушыға  шүкіршілігі мен   дәріптеуін   жеткізеді.   Сонымен   қатар,   өздерінің мұқтаждықтары, қайғы-қасіреттері, жауларының зорлық- зомбылығына деген наразылықтары да сөз болады.

2.  Сүлейменнің нақылдары:   Дәуітұлы   Сүлеймен пайғамбардың         келер   ұрпаққа           арналған     өмір     сүру жайындағы ғибрат сөздерін келтіреді. Бөлім 31 тараудан тұрады.

3. Таңдаулы әндер: Сүлеймен патшаның жазған өлеңі ретінде танылады. Мұнда Аллаһ пен Яһудилер арасындағы сүйіспеншілікті екі жастың арасындағы сүйіспеншілікпен салыстыра отырып, сүйіспеншілікті жан-жақты суреттеп, дәріптейді. Бұл бөлім 8 тараудан тұрады.

4.    Әйюб  (Иёв):     Бұл    бөлімде   Хазіреті    Әйюб пайғамбардың өмір тарихымен қатар ғибратқа толы хи- каялар және Аллаһтың әмірі мен құдіретіне мойынсұнуы баян етіледі. Бөлімнің құрылымы 42 тарауды құрайды.

5.    Уағыздаушы:     бөлімі    Сүлеймен     патшаның еңбегі  ретінде  қабылданады.  Сүлеймен  пайғамбар  бұл уағыздаушы  жырында  өмір  сүрудің  терең  мағынасын талқылай келе, өмірдің өткінші әрі мәнсіз екендігін си- паттайды. Шынайы өмір дегеніміз Аллаһтан қорқу және Оның  әмірлеріне  мойынсұнудан  тұрады  деп  келтіреді. Жыр 12 тақырып төңірегінде айтылады.

6. Рут: Мұнда Дәуіт пайғамбардың дүниеге келуі, Рут есімді  тегі еврей болмағанымен, яһуди дінін қабылдап, ақырында   үйленіп,   отбасылы   болғандығы   айтылады. Бөлім бас-аяғы небәрі 4 тараудан тұрады122.

7.  Естер:  Естер  есімді  тегі  еврей  бір  әйелдің  өз қандастарын (яһудилерді) иран патшасы Ахашвероштың қырғынынан  аман  алып  қалуы  жайында  сыр  шертеді. Иран   патшасы  Ахашвероштың  уәзірі  Хаман  елінде- гі яһудилердің  көзін жою үшін патшадан рұқсат алады. Бірақ, патшаның  ханшайымы Естер әйелге тән қасиетін қолдана отырып, яһудилерді қырғыннан аман алып қалады және Хаманды адамдарымен бірге өлтіреді. Бұл бөлім 10 тараудан тұрады.

8. Иремия жырлары: Құдыс қаласының қирауы, Яһуди патшалығының  күйреуі  кезінде  Иремия  пайғамбардың шеккен қайғы-қасіретінен туындаған жырлар жиынтығы. Жырлардың мазмұны 5 тақырыптың төңірегінде өрбиді.

9.Даниял:ДаниялпайғамбарҚасиеттіғибадатхананың қирауы (70 жылдары қираған) және яһудилердің Вавилонға жер аударуы кезеңінде өмір сүрген. Сол кездегі көрген біл- гендерін 12 тарау етіп осы бөлімде жинақтаған. Бұл бөлім шамамен б.э.д. 164  жылы  жазылған. Бөлімнің мазмұны негізінен   яһудилердің   қандай   да   бір   қиыншылыққа ұшырамасын өз діндерінен,  сенімдерінен айнымауы ке- ректігі тілге тиек етіледі. Сонымен қатар өлімнен кейінгі өмір мен есеп беру сәті де сөз болады.

10-11.  Узайр (Езра) және Нехемя:   Яһудилердің Вавилондағы құлдық дәуірі, құлдықтан азат етілуі мен Құдысқа қайта оралу, Қасиетті ғибадатхананың жөнделуі жөнінде  айтылады. Узайр бөлімі 10 тараудан, Нехемия бөлімі 13 тараудан тұрады.

12-13. Бірінші және екінші шежірелер туралы жазбалар: Шежірелер туралы бірінші жазба Адам атадан баста- латын адамзаттың ата-тегінің шежіресін қамтиды. Яғни, бұл бөлім Нух, Ибраһим, Исхақ, Яқуб, Дәуіт пайғамбарлар мен олардың үрім-бұтақтары туралы баяндалатын 29 та- раудан тұрады.

Шежірелер  туралы   екінші   жазбада   киелі   үйдің құрылысы жайлы баяндалады. Сүлеймен салғызған киелі үйдегі шымылдық және соған қолданған түрлі-түсті жіп- тер туралы айтылады. Бұл бөлім 36 тарауды құрайды.

 

б) Құрандағы Тауратқа қатысты мағлұматтар

Құран Кәрімдегі өзіне дейінгі кітаптар жайындағы мағлұматтардың дені, ол кітаптардың мазмұндық сипа- тына қатысты. Құранда Таурат жайында да мол мәлімет берілген.  Мәселенің  басын  ашып  алу  үшін  Құранның Таураттың сипатына қатысты тұстарын атап өтелік:

- Таурат яһуди қауымына халал мен харамды бекітіп, нені жеуге болады, нені жеуге болмайтындығын үйреткен. (қараңыз: 3.Али Имран – 93).

-  Таурат  Аллаһ  жолында  өлгендердің  жәннатқа баратындығы мен ғибадатына адал ықыласты құлдардың жүзінде  сәжденің ізі болатындығын білдірген (қараңыз: 9.Тәубе-111, 48.Фатх – 29).

- Таурат Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың келетіндігін  және  хақ  жолға  шақыратындығын,  Оған ергендердің азаптан құтылатындығын яһудилерге ескерт- кен (қараңыз: 7.Ағраф-157).

- Құранда Таурат үкімдері мен әмірлеріне сенген, бірақ  оларды  орындамаған  яһудилерді  кітап  арқалаған есекке теңейді (қараңыз:62.Жұма-5).

- Аллаһ Тағала Тауратты адамдарға хақ жол көрсетуші ретінде түсірген (қараңыз: 3.Али Имран, 3-4; 5.Майда, 43-46).

- Таурат жолбасшы әрі игілік түрінде Мұсаға түскен және   жақсылық істегенге Аллаһтың оған нығметті толықтыратындығын, әр нәрсені ажырататын, туралықты нұсқайтын, мәрхамет үшін түскен кітап (қараңыз: 6.Әнғам,

154-157; 48.Ахқаф-12).

-   Израйл   ұрпақтары    Тауратқа   мұрагер   етілген (қараңыз: 40.Ғафыр, 53-54).



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы