Жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  Таурат  кітабының түпкі   нұсқасы  жоқ  және  қолдағы  Таураттың  өзінде көптеген иләһи кітаптың мазмұнына қайшы келетін сөздер бар. Сөзіміз дәлелді болуы үшін осындай дәлелдердің бір- нешеуін атап көрсетейік.

1. Қазіргі кезде әлемдегі яһудилердің арасында таны- мал болған 3 Таурат кітабы бар: Ибритше, Грекше және Самирише.  Ақылға салып қарайықшы, Хазіреті Мұсаға түскен Таурат біреу емес пе еді? Үш Таураттың қайсысы дұрыс  екенін  қалай  білуге  болады?  Бұл  аздай  үшеуін салыстырғанда бір-біріне қайшы жерлері бар. Оны қалай түсінеміз?

2. Таурат бабын түсіндіргенде Таураттың 5 бөлімнен тұратындығын айттық. Сол бес бөлімнің 4-мен 5-бөлімі Хазіреті  Мұсаның өлімі және одан кейінгі яһудилердің тарихы  туралы  жазылады.  Хазіреті  Мұса  өзінің  қалай өлетіндігін, қалай  жерленетіндігін және өзінен кейін не болатындығын  көзі  тірісінде  Тауратқа  жазуы  сенімсіз дікті және күдіктілікті тудырады. Бұл дегеніміз Хазіреті Мұса қайтыс болғаннан кейін біреулер тарапынан кітапқа енгізілгендігінің айғағы.

3.  Тауратта   пайғамбарларға   мүлдем   жараспай- тын  жала  жабылған.  Аллаһтың  ешбір  елшісі  сорақы іске  бармайды және Аллаһ ондай іске жол бермейді де. Мысалы  Нұх  (а.с.)  жайында  былай  дейді.  «Нұх  жер өңдеп, жер бетінде бірінші жүзім екті. Бірде ол шарап ішіп, мас болып,  шатырдың ішінде жалаңаш жатты» (Жаратылыстың басталуы, 9/20-24)149.

Хазіреті Лұт жайында былай дейді: «Лұт Сиғорға қоныстанудан қорқып, екі қызымен одан көшіп кетіп, тауды паналайды. Сонда бір үңгірде екі қызымен тұрып жатты.  Бір  күні  үлкен  қызы  кішісіне:  «Біздің  әкеміз кәрі, ал бұл маңайда  бүкіл әлемдегі әдет бойынша біз- бен жақындасатын еркек жоқ. Жүр әкемізге шарап іш- кізіп, ұрпағын жалғастыру үшін  онымен бірге жатып шығайық», - деді. ...Сөйтіп Лұттың екі қызы да әкесінен жүкті  болды»  (Жаратылыстың  басталуы,  19/30-38)150. Пайғамбар  былай  тұрсын  жәй  әкенің  өзі  де   мұндай сорақылыққа баруы мүмкін емес.

Хазіреті   Яқуб    пайғамбар    мұнда    өтірікші    етіп көрсетілген. Яғни, әкесі Исхақты алдап, батасын алғандығы айтылады. (Жаратылыстың басталуы, 27/1-31)151. Ал Ха- рунды  (а.с.)  алтын  бұзау  жасап,  соған  табынғандығын және  солай  табынуды  қауымына  да  бұйырғанын  айта- ды (Мысырдан  көшіп шығу, 32/1-6)152. Аллаһ сақтасын, пайғамбардың пұтқа табынуын қалай түсінуге болады?

4. Тауратта Аллаһты адам секілді баяндайды. Яғни, шаршады, көктен  жерге  түсті,  жәнната  қыдырып  жүр, деген  секілді  Аллаһтың  болмысына  қайшы  әңгімелер жазылған. Аллаһ Құранда айтқандай: «Еш нәрсе ол сияқты емес  (Оған  ұқсамайды)»  (42.Шура-11).  Осы  айтылған сөздерді келтірейік: «Құдай жарату жұмысын жетінші күні аяқтап, сол күні жұмыс жасамай демалды. Жетінші күнге оң батасын беріп, оны қасиетті деп белгіледі. Се- бебі, Ол бұл күні Өзінің жарату жұмысының бәрін бітір- ген соң тынықты» (Жаратылыстың басталуы, 2/1-3).

«Күн батып, жел соққан кезде олар Құдай Иенің бақ ішінде  жүрген дыбысын естіді» (Жаратылыстың баста- луы, 3/8).

«Сонда оған бір кісі жолығып, онымен таң атқанша күресті. Ол Жақыпты жеңе алмайтынына көзі жеткенде, оны жамбасымен ұрып, жамбас сүйегі шығып кетті. Әлгі кісі:

- Мені қоя бер, таң атып қалды, - деді. Ал Жақып:

- Маған батаңды бермейінше, Сені жібермеймін, - деп жауап берді.

Сонда ана кісі Жақыптан:

- Есімің кім? – деп сұрады. Ол:

- Жақып, - деді. Әлгі:

- Енді сен Жақып емес, Исраил деп аталатын боласың! Себебі  Құдаймен күресіп келдің, енді адамдарға үстем боласың, - деді» (Жаратылыстың басталуы, 32/22-28).

Таураттан келтірілген бұл үзінділер Хазіреті Мұсаға түскен Таурат сөзі болуы әсте мүмкін емес. Аллаһ Тау- ратта өз пайғамбарлары жайлы бұлай айтты деу Аллаһқа қарсы жала жабу деген сөз. Аллаһтың сүйікті елшілерінің бірі Мұсаның (а.с.) да Тауратқа мұндай сөзді қосуы ақылға симайтын жайт. Олай болса мұндай деректердің Тауратта болуы, оның кейіннен жазылғандығын айғақтайды.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы