Әулие сөзі негізінен араб тіліндегі «уәли» - жақын, дос,  көмекші, ұғымдарын білдіретін сөздерден шыққан. Бұл сөздің шариғаттағы мағынасына келсек, күнә істеуден бойын алыс ұстайтын, Аллаһқа шынайы итағат етуші, Оған деген махаббаты жалындап, Одан қатты қорыққан және Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) сүннеттерін қалдырмастан мұқияттылықпен орындаған, иманына берік кісі дегенге келеді. «Уәли» сөзінің көпше түрі «Әулие» (достар).  Ал Құран мен хадисте «уәли» және «әулие» есімі Аллаһтың сүйікті  пенделері, құлдары, достары деген ұғымды біл- діреді. Әйгілі ғұлама Тафтазанидің пікірі бойынша, уәли дегеніміз:  «Аллаһты   және  Оның  сипаттарын  біліп, күнәлардан   қашып,   итағатпен   жүруші,   ләззәт   пен шахуаттарға берілмеген адам».

Құран  аяттарынан  «Әулияуллаһ»  (Аллаһтың  дос- тары)   деген   сөзді   көптеп   кездестіруге   болады.   Се- бебі,   Аллаһ      Тағала      Өзіне   шынайы  құлшылығымен мойынұсынушылықтың биік үлгісін көрсетіп, тақуалықпен өмір  сүрген  құлдарын  өзге  құлдарынан  артық  санап, ондай пенделерді Өзіне жақын дос ретінде келтіреді: «Әлә иннә әулияәллаһи лә хауфун аләйһим улә һум яхзану- ун...... Біліңдер! Расында Аллаһтың достарына қауіп- қатер жоқ әрі олар қайғырмайды. Сондай иман кел- тіріп, тақуа болғандар. Оларға дүние тіршілігінде де, ақиретте де қуаныш бар. Аллаһтың сөздерінде өзгеріс жоқ. Міне, ірі қол жетушілік осы» (10.Юнус, 62-64).

Сонымен қатар Аллаһ Тағала өзіне құлшылық жасау- да тақуалықтан айнымаған сүйікті пенделеріне көмекші әрі дос болатындығын мына бір аятпен баян етеді: «Аллаһ иман келтіргендердің досы. Оларды қараңғылықтардан жарыққа  шығарады.....» (2.Бақара-257).

«шынында менің уәлиім Құран түсірген Аллаһ» (7.Ағраф – 196)

Аллаһ Тағаланың уәли құлының өзгелерден айыра- тын  басты екі ерекшелігі бар екендігін мына бір аяттан аңғарамыз:  «Сондай иман келтіріп, тақуа болғандар» (10.Юнус-63). Яғни, бұл ерекшелік иман мен тақуалық болып  табылады.  Иманды  болу,  яғни  иман  етудің  не екендігі  баршамызға  мәлім.  Ал  тақуалық  дегеніміз  не деп сұрар болсаңыз, мына аятқа зер салып қарағаныңыз абзал:  «Жүздеріңді  шығысқа-батысқа   жөнелту  бір игілік емес.  Бірақ  кім  Аллаһқа  ақырет  күніне,  пе- ріштелерге,  кітаптарға,  пайғамбарларға  иман  кел- тірсе   және  жақындарына,  жетімдерге,  міскіндерге, жолда  қалғандарға,  қайыршыларға  және  құл  азат етуді жақсы көре отырып, мал сарп қылса әрі намаз- ды толық орындап,  зекет берсе, өзара байланысқан уәдесін орындаушы, таршылықта және соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар» (2.Бақара-177). Тақуа  сөзі Аллаһтан көбірек қорқып,   әрдайым   Аллаһтың   әмірі   мен   тыйымдарын бұлжытпай орындаушы деген ұғымды білдіреді. Аллаһтың уәли яғни әулие құлдары осы айтылған сипаттың шыңына жеткен жандар болып саналады.

Сайд ибн  Жубайрдың  риуаяты  бойынша,  Хазіреті Пайғамбардан (с.а.у.): «Аллаһтың уәли (әулие) құлдары кімдер?»   -  деп  сұралғанда,  Хазіреті  Пайғамбарымыз былай  деп  жауап  береді:  «Олар  сондай  кісілер,  олар- ды  көрген   кезде  Аллаһ  Тағала  еске  түседі».  Демек, Аллаһ Тағала  достарының болмысынан олардың әдепті, адамдық қасиеттері мол, парасатты, жүзінен нұр тамған иман   жүзді,   инабатты,   кішіпейіл   әрі   Жаратушыдан бөлекше қорқа білетін жандар  екендігін пайымдаймыз. Аллаһтың тақуа, уәли құлдарының  бейнесінен шынайы құлшылықтың   нышанын  аңғаруға  болады.  Өйткені Аллаһтың әулие құлдарының  жүзіндерінде сәжденің із- дері  мен  құлшылықтың  нұрлы  бейнесі  болатындығын мына аят білдіреді: «Олардың  жүздерінде сәжделердің ізінің дерегі бар» (48.Фатх-29).

Хазіреті  Омардың  риуаяты  бойынша,  Расулуллаһ былай  дейді:  «Аллаһтың  құлдарынан  кейбір  адамдар бар, олар шейіт те емес, пайғамбар да емес. Бірақ қиямет күні   олардың  дәрежелеріне  пайғамбарлар  мен  шейіт- тер қызығып  қарайды». Сахабалар: «Ей, Аллаһтың Елшісі! Олар кімдер және қандай амал жасайды екен? Бізге де   айтсаңыз,  біз  оларды  жақсы  көріп,  құрметтейік»,

- деген кезде, Хазіреті Пайғамбарымыз сөзін былай деп жалғастырды: «Бұлар бір топ болып, араларында туыстық, бір-біріне беретін мал мен дүниелік пайдалары болмастан, тек Аллаһ разылығы үшін және Аллаһ жолында бір-бір- лерін жақсы көреді. Аллаһқа ант етемін. Олардың жүздері бір нұр секілді және олар нұрдан жасалған бір баспалдақ үстінде. Адамдар қорыққан кезде, олар қорықпайды. Адам- дар қайғырған кезде, олар қайғырмайды», - деп олардың сипаттарын айтқан.  Пайғамбарымыз сөзін мына аятпен ары қарай жалғастырды:  «Біліңдер! Расында Аллаһтың достарына  қауіп-қатер  жоқ   әрі   олар  қайғырмайды. Сондай  иман  келтіріп  тақуа  болғандар.  Оларға  дүние тіршілігінде  де,  ақыретте  де  қуаныш  бар.  Аллаһтың сөздерінде өзгеріс жоқ. Міне үлкен табысқа қол жеткі- зушілік осы» (10.Юнус, 62-64)179.

Аллаһтың  достары   жайында   қысқаша   мағлұмат бере   отырып  әулиелердің  осы  аят  пен  хадистегі  си- паттарына   тоқталдық.   Міне,   осындай   әулие   кісілер Аллаһтың өздеріне  берген кеңшілігі мен артықшылығы арқасында «карамат» көрсетеді. «Карамат» деп Аллаһтың пайғамбарына шын ықылас ниетімен сенген және Аллаһқа құлшылық   етуде   алдына   жан   салмаған   әулиелердің табиғат  заңдылықтарына  қайшы  көрсеткен  іс-әрекетін айтамыз. Негізінде, бір әулиенің караматы өзінің сенген пайғамбарының   мұғжизасынан    туындайды.   Мұғжиза да,  карамат  та  –  төтенше   болатын  жағдай.  Мұғжиза пайғамбарда, карамат сол пайғамбардың жолын ұстанушы әулие кісілерде болады. Бұл  жайында Имам Ағзам Әбу Ханифа «Әл-Фиқһул әкбар» атты еңбегінде былай дейді:

«Әулиелердің көрсеткен караматы хақ»180. Олай болса, карамат мәселесінде күмәнданудың қажеті жоқ. Кей  адамдардың  табиғат  заңдылықтарына  қайшы келген    іс-әрекеттері, көрсеткен    караматтары    біздің пайымымыздағы діни караматка жатпайды. Яғни, ондай адамдардың сенімдері Ислам ақидасына жатпаса, жасаған амалдары Аллаһтың бұйырған әмірлеріне сәйкес келме- се,  харам-халалды, әрбір істі айырмаса, ондай адамның көрсеткен ісін «истидраж» дейміз. Мұндай әрекеттер сол кісілердің  күпірлігін арттырумен қатар өзгелердің ада- суына себеп болады. Әйгілі сопы Баязид Бистами былай дейді: «Бір адамның  ауада малдас құрып отырғанындай карамат  көрсеткенін   көрсеңіз,  ол  адамның  Аллаһтың әмірлерін,  тыйымдарын,  бұйырған  жолдарын  ұстануда шариғатқа сай амал етіп-етпегенін білмейінше, ондайларға сенбеңдер, алданып қалмаңдар».

Аллаһ достарының  караматы  Құран,  Сүннет  және Ижма бойынша қабыл етіліп, дәлелдері келтірілген. Әуелі Құран аятындағы Аллаһ достарының (әулиелер) көрсеткен караматтарына тоқталып өтейік:

Хазіреті Зәкәрия (а.с.) балдызы Хазіреті Мариямға мешіттің жанынан арнайы бір бөлме жасап беріп, оны сонда отырғызатын және қажетті заттарын өзі алып бере- тін. Зәкәрия (а.с.) уақыт өте келе, Хазіреті Мариямның ка- раматын көре бастайды. Себебі, Хазіреті Мариям ананың бөлмесінде өзінен басқа ешкім кірмейтіндіктен, Хазіреті Мариям ананың алдында жатқан жеміс-жидектерді көріп, еріксіз сұрауға мәжбүр болады. Аятта бұл мәселе былай- ша баяндалады: «Сонда оны Раббы  жақсы қабылдап, көркем өсірумен өсірді және оған Зәкәрияны ие қылды. Зәкәрия оның бөлмесіне әр кіргенде оның қасында тағамды көріп: «Ей, Мариям! Мыналар саған қайдан келді?» - деді. Мариям: «Ол Аллаһтың қасынан, шәксіз Аллаһ  қалаған  құлын  есепсіз  ризықтандырады»,  - деді» (3.Али Имран – 37). Хазіреті Мариям ананың алдын- да жаз кезінде қыстың жемісі (азығы), қыс кезінде жаздың жемісі (азығы) болатын. Хазіреті Мариям пайғамбар емес, тек Исаның (а.с.) анасы екені анық. Демек, ол пайғамбар болмаса, онда оның алдында жатқан азық  пен жемістер оның караматының нәтижесі деген сөз.

«Кәһф» сүресіндегі «Асхабы кәһфтың» үш жүз жыл үңгірде ұйықтап, кейін қайта оянуын мұғжиза дей алмаймыз.  Себебі, ол үңгірде паналаған иман жүзді жігіттер пайғамбар  емес болатын. Олай болса, олардың үш жүз жыл ұйықтауы сол жігіттер үшін карамат болып есепте- леді.

Енді      сүннеттен      дәлел     келтірейік.   Хазіреті Пайғамбарымыздың  бір  хадисінде  өткен  үмметтерден үш  жолаушының  жаңбырдан  ықтану  әрі  түнді  өткізу үшін бір үңгірге кіріп паналағанын, сол кезде тау басы- нан құлаған үлкен бір тас үңгірдің аузына кептеліп, әлгі үш кісінің шыға  алмай, Аллаһқа дұға еткені айтылады. Олар өздерінің Аллаһ  разылығы үшін жасаған амалда- рын айтып, Аллаһтан үңгір аузына кептелген тасты жыл- жытуын  сұранады.  Аллаһ   олардың   мінәжатын  қабыл етіп, үңгірдің аузына кептелген тасты жылжытады. Олар үңгірден аман-есен шығады. Міне бұл да олардың жасаған караматы болып табылады182.

Хазіреті Омар парсы еліне Ислам дінін жаю үшін

әскер   жолдайды.    Парсылар    да    қарап    отырмастан, мұсылмандарға қарсы қалың қолмен қарсылық таныта- ды. Осындай шайқастың ең шешушісі Хорасан аймағын алу жолындағы шайқас еді. Парсы патшалығының соңғы патшасы ІІІ. Яздигард қалың қол жиып, мұсылмандарға соққы  бермек   болады.  Олардың  әскері  сан  жағынан мұсылмандардан  әлдеқайда басым болатын. Шайқас са- харада  болады  деп  белгіленген  еді.  Сол  күні  Хазіреті Омар түс көріп, егер  сахарада шайқасса жеңілетіндігін, ал  тауға  бекінсе,  жауға  бір   бағыттан  тойтарыс  бере алатындығын сезеді. Ертеңінде, жұма  күні құтпа оқып жатып, көпшіліктің алдында:

- Я, Сариа жәбәлә, жәбәлә! Ей, Сариа, тауға, тауға!

– деп үш рет айғайлайды. Сосын көпке қарап:

- Аллаһ Тағаланың әскері көп, кейбіреулері жеткі- зуі де мүмкін? – дейді. Кейіннен парсы әскерлері қанша көп  болғанымен,  жеңіліске  ұшыраған  хабар  Мадинаға жетеді.  Сүйінші хабарды жеткізген Сарианың елшісіне Мәдиналықтар:

- Сендер шайқас кезінде ештеңе естімедіңдер ме?

– деп сұрады.

-  «Ей  Сариа  тауға!»  деген  дауысты  естіп,  тауға тығылдық. Содан жау жеңілді, – деп жауап берді. Иә, бұл да Хазіреті Омардың көрсеткен караматы еді183.

Аллаһтың достары атанған әулие құлдарының кара-

маты екі түрлі болады:

1. Рухани карамат – ілім, ахлақ, ғибадат, мағрифат пен  тақуалықта  рухани  дәрежеге  жету.  Бұл  дәрежеге жеткен әулиелердің әрбір айтқан сөздері ғибратқа толы, мағыналы,   әдепті,  ешкімнің  көңіліне  тимейтін  әсерлі сөздер болады.

2. Кәуни және сури карамат - ғайып болған затты әп- сәтте әкелу, апару, бір мекеннен екінші мекенге әп-сәтте жеткізу,  жабайы аңдарды адамға қызмет еттіру секілді т.б. күнделікті өмірде көрсететін караматтар. Әулиелер мұндай караматтар көрсетуге әуес болмайды және мұндай караматтарға көңіл бөлмейді де184.

Ислам тарихында есімдері ел арасында әулиелігімен танымал болған тұлғалар көп. Сол кісілердің бірнешеуін атын атап өткеніміз абзал болар: Хасан Басри, Малик ибн Динар,  Жунейд  Бағдади,  Абдулқадир  Гейлани,  Ахмед әр-Рифай,  Абдулхалқ Гуждевани, Мәулана Желаледдин Руми, Баязиди Бистами, Бахауддин Нақшибанди, Ахмед Иассауи.

Аллаһтың шынайы досы болуға тырысқан және осы жолдағы  әулие  жандардың  карамат  жайындағы  ортақ пікірлері мынандай:

1.  Караматты   көрсетпей   жасыру,   яғни   карамат Аллаһтың өздеріне жіберген сынағы болғандықтан бұл мәселеде аса мұқият болу.

2. Карамат негізгі мәселе емес, маңыздысы тура жолдан таймау.

3. Караматқа емес, шариғатқа ұю маңызды.

4. Карамат көрсетудегі бір мақсат – жаман мінез- ді  тыю.  «Караматым  бар  деп,  елге  карамат  көрсетпе, одан да нәпсіңді мұсылман ет караматың болса», - дейді тақуалар.

5.  Караматты  бір  перде  деп  ұғыну.  Сондықтан көрсеткен   караматты   көпсініп,   асып-тасымастан,   түк болмағандай жүру арқылы хақ жолдан ауытқымау.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы