Ислам  діні  мен  ғұламаларының  ерекшелігі  сол, табиғат заңдылықтарынан тыс оқиғалардың бәрін муғжиза демей, оларды өзара бөліп, жүйелеген. Бұл ислам дінінің әдістемесінің   дамығандығының  көрсеткіші.  Жоғарыда айтып  өткеніміздей,      пайғамбарлардың      мұғжизасы мен әулиелердің караматынан тыс өзге де табиғат заңдылықтарына қайшы келетін жағдайлар бар. Бұларды мұсылман ғалымдары мынадай топтарға бөліп қарайды:

 

а) Ирхас

Келешекте пайғамбар болатын адамға кейбір төтенше жағдайлардың  көрінуін  «ирхас»  деп  атайды.  Мұндай төтенше   жағдайлар  ол  адамның  болашақ  пайғамбар болатындығына  дәлел. Мысалы, Хазіреті Исаның (а.с.) яһудилердің  дін  басыларына,  анасына  ойнастан  тудың деп айып тағушыларға  бесікте жатып өзінің пайғамбар болатындығын,  Інжіл  атты  кітап  берілетіндігін  айтуы ирхасқа   жатады.   Сол   секілді   Хазіреті   Мұхаммедтің (с.а.у.) сүт анасы Халиманың үйіне береке әкелуі, көкесі Әбу Тәлібпен тасаттыққа шыққанда, оның қолын жайып атасы Аллаһқа жалбарынғанда, жаңбырдың жаууы, үнемі үстінде бір бұлттың жүруі де табиғат заңдылығына қайшы келетін оқиғалар еді186.

 

ә) Мәунат

Мәунат – көмек, жеңілдік деген ұғымды білдіреді. Аллаһ   Тағаланың  сүйікті  бір  пендесі  болмағанымен, кез-келген  бір   мұсылман  кісінің  қиын-қыстау  кезінде, Аллаһтың жәрдемімен аяқ астынан ісінің оңға басу құбылысын «мәунат» дейді.

 

б) Истидраж

Истидраж – уақыт беру, мұрсат беру деген ұғымды білдіреді.   Күпірлігі   мен   күнәһарлығын   ашық   түрде көрсеткен               жандардың            ниет-тілектеріне    қарай   бола- тын  төтенше  жағдайларды  «истидраж»  дейміз.  «Кара- мат»  әулиеде  болса,  «истидраж»  күнәһар  пендеде  бо- лады. Аллаһ  күпірлікте шектен шыққан құлдарына ис- тидраж қабілетін беру арқылы күнәға белшесінен батуға мүмкіндік береді. Мысалы, Ібілістің дұғасы қабыл болып, қияметке   дейін   адамдарды   тура   жолдан   адастыруы, Перғауын мен Нәмруд секілді өздерін құдай дәрежесіне санап,   нәпсілерінің   қалауы   бойынша   әрекет   етулері истидраж  түріндегі  оқиғалар.  Бірақ,  түбінде   олардың нәтижесі де оң болмайды. Құранда олардың ауыр азапқа ұшырайтындығын  білдіреді:  «Сондай  аяттарымызды жалғанға шығарғандарды олар білмеген жақтан бірте- бірте жоямыз. Тағы да оларға мұрсат беремін. Әрине, шараларым да қатаң» (7.Ағраф, 182-183).

«(Мұхаммед   (с.а.у.))   енді   осы   сөзді   (Құранды) жалғанға шығарғандарды Маған қалдыр, оларды біл- меген жақтан баяулап кеміте береміз. Оларға мұрсат бе- рейін. шынында шараларым күшті» (68.Қалам, 44-45).

Бұл аяттардан шығатын ұғым, пенде егер күнә істе- уін   қоймай үдете түссе, Аллаһ Тағала оның нығметін, ниет-тілегін  арттырып,  шүкіршілік  пен  тәубені  мүлде ұмыттырып,  Өзінің  азабы  мен   қаһарына   барынша жақындатып, ақырында төбесінен жай түскендей азапқа ұшыратады.

 

в) Иханет

«Истидраж»  күнәһар,   фасық   бір   кісіге   берілген қабілет болса, «иханет» те - сондай кісінің ниет-тілегі мен мақсатының керісінше болуы деген сөз. Яғни, «иханет» - жалғаншы, күнәһар кісінің жасаған ісінің жалғандығын айғақтайтын,  табиғат  заңдылықтарына  қайшы  келетін жағдайлар. Жасаймын дегенін жасай алмай, болады де- гені  болмай қалу. Мысалы, жалғаншы пайғамбарлардан Мусәйләмәтул Кәззаб өзінің пайғамбар екендігін дәлелдеу үшін бір  көзі көр болған кісінің көзіне шипа беру үшін түкірігін   жаққанда,  екінші  сау  көзінің  көрмей  қалуы секілді.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы