ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/31/2019 259

БАЛАЛАРҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «1 маусым – халықаралық балаларды қорғау» күніне орай балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға ауызашар берілді.

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанындағы асханада берілген ауызашарда «Атамекен» отбасылылық үлгідегі балалар ауылының тұрғындары, көру және есту қабілетінен айырылған жандар арнайы шақыртылып, қадірлі қонағы болды.

Белгілі кәсіпкердің демеушілігімен жайылған ақ дастарқан басында Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы, мешіт жамағатын қосқанда 300 адамға, Мың айдан да хайырлы Қадір түнінің ерекшелігі мен берекеті туралы уағыз айтып, игі амалдарды молынан жасау қажеттігін түсіндірді.
Соңынан саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухтарына құран бағышталып, дұға жасалды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі