Дүйсенбі, 11 Қыркүйек 2017   |   236 рет оқылды

Әйелдер-қыздар секторы шеберлік сабағын жүргізді

Әйел адам отбасының ұйытқысы, берекесі. Әйел анаға отбасында құрметпен қарау, қолдау көрсету, қыз баласын сыйлай білу тәрбиенің маңызды бір бөлігі болып табылады.

Ислам дінінде әйелдің орны ерекше екендігі де баршаға аян. Әйел ананың отбасы берекесін сақтауда асханадағы икемділігі де роль атқарады.

Осы мәселелерді ескерген әйелдер-қыздар секторының Қызылорда облысы бойынша жетекшісі Файзуллина Марал қыз балалардың асхана тірліктеріне икемді болуына ықпал етуде.

Атап айтар болсақ, ас үйдегі әйел адамның тәттілерді дайындай білуіне назар аудару мақсатында орталық «Ақмешіт-Сырдария мешітінің асханасында М.Файзуллина шәкірттерімен бірге тәттілер пісіруден шеберлік сабақтарын ұйымдастырды.

Қатысушы нәзік жандылар асхана құпияларымен бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасты.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы