ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/27/2020 95

Дінге сенейін десем… мешітке барайын десем…

Қателік жасаса Құдайдан, күнә істесе шайтаннан көретін кейбір пенделер дінге, мешітке келе алмай жүргендерін де діндарлар мен молдалардан көреді.
“Мынадай діндарларды көрсем дінге келгім келмейді”, “Анадай молдаларды көрсем мешітке барғым келмейді” деген сияқты сөздерді көп айтады. Меніңше, оның бірнеше себебі бар:

1. Кісімсіну.

Біз дінге керекпіз, дін бізге зәру болып отыр деп ойлайды. Бейне бір құрайыштың бай-манаптары Пайғамбарға (с.а.у.) келіп “Қасыңдағы кедей-кепшіктерді құртсаң, дініңді қабылдаймыз” деп бәлсінгендері сияқты.

Шын мәнінде, ешкімнің ештеңесі кетпейді. Тек өз-өздеріне зиян қылады…

2. Тәкаппарлық.

Өзінің мұсылмандық парыздарын орындай алмай жүргенін мойындағысы келмей “анадай молдалар”, “мынадай молдалар” деп молдаларды менсінбейді.

3. Сылтау.

Сылтау керек, әйтеуір…

 

@dastan_kurmanbayev