ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/28/2020 9

ИМАМ-ҰСТАЗДАРДЫҢ ОНЛАЙН ДӘРІСІ ЖАЛҒАСУДА

Осыдан бір ай бұрын ҚМДБ имам-ұстаздардың онлайн дәрістерін өткізуді қолға алған болатын. Дәстүрлі онлайн дәрістері жалғасуда.

 

Жұма күні сағат 13:00-де Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұма насихатын айтса, қалған күндері белгілі бір уақыттарда имам-ұстаздар түрлі тақырыптар төңірегінде әсерлі әңгіме өрбітеді. Дәрістер «Хикмет» студиясының арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

 

Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «30 күнге 30 сұхбат» онлайн сұхбаттары да жалғасып жатыр. Белгілі имамдар мен ұстаздардың қатысуымен өтетін «30 күнге 30 сұхбат» онлайн жүздесуін күн сайын кешкі сағат 20:00-де ҚМДБ-ның YouTube пен Instagram-дағы ресми парақшаларынан көруге болады.

 

Одан бөлек аптаның әр күні сағат 17:00-де «Рамазандағы еркін әңгіме» (Еркін Шәкірұлымен), күн сайын Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен екінті намазынан 10 минут өткенде республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Рамазандағы Құран хатым» атты онлайн хатым оқу шарасы жалғасуда. Онлайн шаралар «Хикмет» студиясының арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.