ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05 Тамыз, 2018 207

Мың еркекке татитын әйел

Жаныма келген жеткіншектің құран үйірмесіне талап білдіргелі келгенін көзінен аңғардым. Сөйттім де: «Сен Құраннан бір аят болса да жатқа білесің бе?» деп сұрадым. «Білемін» дегендей ишарат білдірді. «А’мма» сүресінің (30 параның соңы) бір бөлігін оқып беруін  өтінгенімде әп-сәтте оқып берді. Содан «Тәбәрак» сүресін (29 пара) сұрадым.Одан да тайсала қоймады. Оның ыждаһаттылықпен жауап берген әрбір сөзі мені еріксіз таң қалдырды. Онан соң «Нахл» сүресін (14 пара) айтуын сұрадым, оны да кідірместен жатқа оқыды. Сонда мен көлемді сүрелерден сұрайын деп: «Сен «Бақара» сүресін (ең ұзақ 2-ші сүре) білесің бе?» – дедім. Күлімдеген жүзіне қарап бұл сүрені де меңгергенін түсіндім, ол да мүдірместен қатесіз оқи бастады.Таңырқаған күйі тағы да төбелеп:«Сен Құранды толық жатқа білесің бе?» – дедім. Сұрағымды жатсынбаған күйде: «Әлбетте, білемін, СубханаАлла, МашаАлла, ТәбәракаАлла» – деді.

«Құранды мүдірмей оқып толық меңгерген баланың әкесі де тегін адам болмауы қажет» деген оймен әкесін ертіп келуін өтіндім. Алайда, әкесінің сұлбасына қарап Пайғамбар сүннетін ұстанатын парасат иесіне ұқсата алмадым. Өзі қарабайыр, жүзі солыңқы болатын. Ол менің ойымды оқығандай болып: «Мен оның әкесі екендігіме сіздің таңқалысыңызды біліп отырмын, бірақ мен сіздің күмәніңізді сейілтейін. Бұл баланың артында мың еркектің бағасына татитын әйел тұрғанын біліңіз. Менің үш балам бар. Олардың түгелі дерлік Құранды жатқа біледі. Сонымен қатар, төрт жастағы қызым бар. Ол «А’мма» сүресінің бір бөлігін меңгерген» деді. Бұны естіген мен (ұстаз) таңданысымды жасырмастан: «Қалайша?» – дедім. Баланың әкесі:«Балалардың тілі шығып жатқанда анасы оларды Құран жаттауға ынталандыратын. Жаттауға берілген Құран аяттарын кім бірінші жаттаса – сол кешкі астың мәзірін таңдайтын. Әуелгі болып оқып шыққаны – демалыс күні қайда баратынын таңдаса, алғашқы болып Құранды жаттап біткені – жазғы демалысты қайда өткізетінін таңдайтын. Осылайша анасы балалардың арасында Құранды жаттауға, оны қайталауға деген құштарлығын бәсекелестік арқылы арттырып отыратын» деді әкесі.

Міне, салиқалы әрекетімен отбасын да тақуалыққа жетелеген нағыз тақуа әйел осы болса керек.

Құраннан дәріс оқитын тәлімгер оқиғасынан…