ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/14/2021 155

100 ОТБАСЫҒА “АУЫЗАШАР ҚОРЖЫНЫ” БЕРІЛДІ

ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен 100 мұқтаж отбасыға “Ауызашар қоржыны” таратылды.

Қасиетті айдың алғашқы күні аймақтың бас мешітінде өткен шарада облыс имамы Болатбек Ұласқанұлы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған көпбалалы жалғыз басты аналарға бір айлық азық-түлік мөлшеріндегі рамазан қоржындарын үлестірді. Қайырымдылық акциясы “Гүлжан ана” қорының демеушілігімен жүзеге асырылды.

Айта кетейік, өткен жылы елдегі эпидахуалға байланысты өкілдіктің ұйытқы болуымен мешіттерде ауызашар дастарқанын жаюдың орнына тұрмысы төмен отбасыларға “Ауызашар қоржындары” мен “Ауызашар бокстарын” таратып беру қолға алынған болатын. Биыл да індет таралуының алдын алу мақсатында  ауызашар беруге ниетті жандарға имамдар тарапынан аталмыш жобаға үлес қосуы насихатталуда.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі