ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/20/2021 419

700 АДАМҒА “АУЫЗАШАР ҚОРЖЫНЫ” ТАРАТЫЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен 700 адамға «Ауызашар қоржыны» таратылды.
Айта кетейік, елдегі эпидахуалға байланысты, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен, мешіттерде ауызашар дастарқанын дайындаудың орнына «Ауызашар қоржыны» акциясын жүзеге асыру жобасы бастау алған болатын.
Рамазан айының құрметіне өткізлген шарада ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала мешіттерінің қызметкерлері мен ерікті жамағаттары қасиетті айда ауыз бекіткен аурухана мен жедел жәрдем қызметкерлеріне, темір жол мен авто вокзалдардағы жолаушыларға, автобус жүргізушілеріне және ауызашар уақытында жұмыс жасаушы азаматтарға, жалпы саны 700 қала тұрғынына ауызашар дәмін таратып, оразамен құттықтады.
Осыған дейін аталмыш акция аясында облыста әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлік салынған «рамазан қоржындары» да таратылған еді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі