ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/18/2022 1

АҚАЙЛЫҚ ЖАСТАР АУРУХАНАНЫ ЗИЯРАТ ЕТТІ

Мешіт жастары емдеу мекемесінде емделіп жатқан науқастарды зиярат етіп, олардың тезірек сауығып кетуін тіледі.
Сонымен қатар, Ақай ауылдық “Мүсірәлі сопы әзіз” мешітінің имамы науқас адамдарға қызмет көрсетіп жатқан дәрігерлермен кездесіп, ақ халатты абзал жандарға алғысын айтты.
Пайғамбарымыздың  (салаллаһу алайһи уәсәлләм) “Тек Аллаһ разылығы үшін досын немесе бір науқасты зиярат еткен адамға Аллаһу та’ала: Қандай жақсы амал жасадың. Жәннатта өзіңе зәулім сарай дайындаған болдың” деген хадисіне амал еткен мешіт қызметкерлеріне ем алушылар ризашылықтарын жеткізді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі