ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/16/2021 485

ҚАЛА МЕШІТТЕРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТІК  ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қызылорда қалалық «Хазірет Әбу Бәкір» мешітінің бас имамы қызметіне Садықов Жеңіс, Тасбөгет кентіндегі «Құддыс ишан» мешітінің бас имамы қызметіне Бисенов Мэлс тағайындалды.

Садықов Жеңіс  Нұрыллаұлы – Қызылорда қаласының тумасы.
Білімі: Жоғары
2001-2004 жж. аралығында «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін  тәмамдаған.

Еңбек жолы:
1999-2001 жж. Алматы қаласы Іле ауданы Жаңа-Дәуір ауылында имамдық қызметін атқарған.
2004 -2008 жж. Қызылорда қалалық «Ыбрайым молда» мешітінде наиб имам қызметін атқарған.
2008 жылдың 25-ші сәуірінен 11-ші желтоқсанына дейін Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті «Құддыс ишан» мешітінде наиб имамдық қызметін атқарған.
2008-2011 жж. Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінде наиб имамдық қызметін атқарған.
2011 жылдың шілде айынан бастап Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті «Құддыс ишан» мешітінде бас имам қызметін атқарып келді.
2021 жылдың 7-сәуірінен бастап Қызылорда қалалық «Хазірет Әбу Бәкір» мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалды.

Бисенов Мэлс Қуанұлы – Қызылорда қаласының тумасы.
Білімі: Жоғары
2014-2018 жж. аралығында «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін  тәмамдаған.

Еңбек жолы:
2018 жылдың мамыр айынан бері Қызылорда қаласы «Нұр» мешітінде наиб имам қызметін атқарып келді.

2021 жылдың 7-сәуірінен бастап Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті «Құддыс ишан»  мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі