ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/30/2021 100

ҚАЛА ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН САЙЫС ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі Жастар ісі секторы және Қызылорда облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қала жастарының арасында үстел теннисінен жарыс өтті.

Сол жағалаудағы облыстық жастар ресустық орталығы ғимаратында өткен спорттық сайысқа қала мешіттерінің белсенді жас жамағаты қатысып, бақ сынасты.

Ойын нәтижесіне сәйкес, оқ бойы оза шапқан М.Мугалов, Ғ.Ахатаев, Ә.Баймұрза сынды жастар жүлделі І, ІІ, ІІІ-орындарды қанжығаларына байлады.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі