ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/14/2020 134

АЛТАЙ ӘБИБУЛЛАЕВ СЫР МЕШІТІНДЕ ҚОНАҚТА БОЛДЫ

Сыр өңірінің бас мешітінде қонақта болған «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ Төрағасы Әбибуллаев Алтай Ибрагимұлы Бас имам Болатбек Ұласқанұлымен кездесті.

Келелі кездесу барысында Бас имам келген қонақтарға биылғы жылы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен қолға алынған басты бастамаларды айқындай отырып, өңірдегі діни ахуалмен таныстырды. Және де облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ашылған діни сұрақтар бойынша «Кеңес беру орталығы», «Шебер әйел қолөнер орталығы», «Құран жаттау орталығы», «Кітапхана» жұмыстарымен таныстырып, негізгі мақсаты мен функциясын түсіндірді.

Сонымен қатар, екі тарап бүкіл әлемді алаңдатып отырған коронавирус жұқпалы індетінің алдын алу мақсатында жүргізілуі тиіс сақтық шаралары жөнінде және ұлт аралық, дінаралық татулықты нығайту жолдары мен аймақтағы діни ахуал тұрақтылығын сақтау туралы пікірлерін ортаға салды.

Сұхбат соныңда Алтай Ибрагимұлы өкілдіктің тың бастамаларына сәттілік тілеп, ел игілігі үшін қосып жатқан үлесі үшін ризашылығын жеткізді.