ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, “Жастар ісі” секторының ұйымдастыруымен Жосалы ауылдық округінде орналасқан №199 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында жастарға құмар ойындардың зардабы, интернеттен діни ақпараттар алудың қауіптілігі, жат ағымдардан сақтану жолдары мен тәлім-тәрбие бағытындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шараға: “Ораз Мұхаммед” мешітінің имамы Қ. Айбол, ауыл имамы Д. Маханбеталиев, жастар ресурстық орталығының кеңесші маманы А. Асылбеков және қоғамдық даму бөлімінің теолог маманы Р. Бахытжан қатысты.

