ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05 Қазан, 2019 7

Қармақшы: Жаңа мешіт ашылды

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Иіркөл ауылдық округінде жаңа мешіт ашылды.

Құлшылық үйінің салтанатты түрде ашылу рәсіміне арнайы қатысқан ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы, елімізге белгілі теолог, исламтанушы, «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры А.Сманов және аудан әкімінің орынбасары Е.Меңлібаевтар құттықтау сөз сөйлеп, мешіт лентасын қиды.

Ашылу салтанатынан соң мешіт ішінде құран оқылып, жамағатпен бірге дұға жасалды.

Ауыл халқының демеушілігімен салынған Алла үйінде бір уақытта 70 адам құлшылық жасай алады.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі