ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/30/2022 74

ЖАСТАР САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНАДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі,  Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен мешіт жамағатына арналған спорттық кездесу өткізілуде.

Нақтырақ айтар болсақ, Қармақшы аудандық “Қармақшы ата” және Қызылорда қалалық “Ыбрайым молда” мешіттерінің жастары кешкілік уақытта үстел теннисін ойнап, өзара сайысады.

Осылайша, мешіт имамдары жастар арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттауда.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі