ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/04/2023 22

ҚАСИЕТТІ АЙДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕРГЕ СЫРДАРИЯЛЫҚ МЕШІТТЕР ДЕ ҮН ҚОСУДА

Берекелі үш айдың бастауы болған Ережеп айы кіргелі ҚМДБ-ның Қызылорда облысы өкілдігіне қарасты қала, аудан, ауыл мешіттері игілік жолында жарысуда.
Сондай игі шаралардың бірі – Сырдария аудандық “Мұсылмандар” мешітінде өткен шарада “Өмірге үміт сыйла” қайырымдылық акциясы аясында 1 отбасыға 100 000 тг қаржылай сертификат табысталса, мұқтаждарға қолғабыс болып, қолдау білдіру мақсатында 16 отбасыға жылқы және қой еттері, 15 отбасыға азық-түлік қоржындары үлестірілді.
Айта кетейік, Сыр мешіттерінің ұйытқы болуымен имамдар бастаған белсенді жамағат пен жергілікті демеуші азаматтар тұрмысы төмен отбасыларға қаржылай көмек көрсетіп, ет, азық-түлік қоржындарын және көше тазалықшыларына ыстық тамақтар таратуда.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі