ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/26/2020 70

АУЫЛ МЕШІТІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Абуов Сырдария ауданында жұмыс сапарымен болды.
Бас имам сапар барысында Асқар Тоқмағанбетов ауылына арнайы барып, күрделі жөндеуден өткен «Ауыл» мешітінің қайта ашылуына қатысты.
«30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» республикалық жобасы аясында ауыл мешіті жылу жүйесімен қамтамасыз етіліп, едені қайта жаңартылған, михраб пен мінбер ауыстырылған, күмбезі мен ғимараттың іші-сырты қайта әрленген, жаңа жайнамаздар төселген, жанынан асхана салынған. Жөндеуден кейінгі өзгерістермен танысқан Болатбек Ұласқанұлы демеушілік танытқан жергілікті кәсіпкер Есжанов Меңдіғали сынды жанашыр азаматтарға алғысын білдіре отырып, жергілікті ақсақалдармен ауызбіршілік, ынтымақ турасында сұхбат жүргізді.
Айта кетейік, биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай, «30 құдық», «30 көпір», «30 мың түп тал отырғызу» сынды игі бастамалар қолға алынған болатын. Мерейтойға арналған ірі жобалардың бірі – «30 мешітті күрделі жөндеуден өткізу» болып табылады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі