ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/28/2023 17

ҚАЗАЛЫЛЫҚ ЖАМАҒАТ ТАБИҒАТ АЯСЫНДА САДАҚ АТУДАН САЙЫСҚА ТҮСТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қазалы аудандық орталық “Жанқожа батыр” мешіті, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты  табиғат аясына демалысқа шықты.
Жиынның негізгі мақсаты – жамағаттың бауырмалдығын арттырып, бірлігін нығайту.
Дария жағасындағы демалыста белсенді жамағат садақ ату, арқан тарту, гір көтеру секілді жарыстардан бақ сынап, сый-сыяпаттармен марапатталды.
Бұдан кейін дастарқан басында бас қосып, ауданның бас имамы Нұрдәулет Асқарұлымен сұқбат жүргізді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.