ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/12/2019 270

Бәйтерек: Жаңа мешіт қолданысқа берілді

Қызылорда қаласындағы Бәйтерек шағын ауданында жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті.

Мешіттің ашылу рәсіміне ҚМДБ «Қайырымдылық және уахып істері» бөлімінің меңгерушісі К.Тұрдыбаев, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Б.Абуов, ақсақалдар, қала мешіттерінің имамдары мен жамағаттары қатысты.

Қасиетті Құран аяттарымен басталған шарада ҚМДБ бөлім меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы, Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы құттықтау сөз сөйлеп, демеуші азаматтарға барша халық атынан алғыс білдірді.

Алла үйінің лентасы қиылған соң, қонақтар мешіт ішін аралап, жамағатпен бесін намазын оқыды. Намаздан кейін Құран оқылып, ел тыныштығы үшін дұға етілді.

Ерлер және әйелдер залы, 2 дәрісхана, 1 қызметкерлер бөлмесімен қамтылған құлшылық үйінде бір уақытта 550-600 адамға дейін құлшылық жасай алады. Жаңа ықшам ауданда ашылған жаңа мешітке «Әл-Уәли» атауы берілді.

Жиын соңында келген қонақтарға дастарқан жайылып, ас берілді.