ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/19/2020 166

БАС ИМАМ ҚАДІР ТҮНІН ЖАНҰЯМЕН ӨТКІЗУГЕ ШАҚЫРДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Абуов облыстық «Qyzylorda» телеарнасында тікелей эфирде Қадір түнінің қадір-қасиеті жайлы сұхбат берді.

Жергілікті телеарнаның «Жаңа күн» бағдарламасында өткен эфирде Бас имам Болатбек Ұласқанұлы қасиетті түннің ерекшелігі мен берекетіне тоқталып, жасалуы құп саналған амал-құлшылықтар жайлы айтты.

Сонымен қатар, еліміздегі карантин режиміне байланысты биылғы Рамазан айындағы өзгерістерді түсіндіріп, ҚМДБ-ның ұсынған Қадір түніне арналған онлайн бағдарлама жайлы және Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен aqmeshit.kz инстаграм парақшасында онлайн уағыз-насихаттар өтетінін хабарлады.

Сөз соңында жұқпалы індеттің таралуының алдын алу мақсатында аймақ жұртшылығын Қадір түнінде өз үйлерінде болып, жанұясымен бірге өткізуге шақырды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі