ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
12/01/2020 76

БАС ИМАМ МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬМЕН НАГРАДТАЛДЫ


Бүгін облыс әкімі Гүлшара Наушақызы ел игілігіне қызмет етіп жүрген азаматтарды «Конституцияның 25 жылдығы» медалімен марапаттады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының жарлығына сәйкес, марапатқа лайық деп танылған азаматтар арасында ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша Бас имам Болатбек Ұласқанұлы да бар.

Аймақ басшысы Тәуелсіздікті тұғырлы етуде Ата заңның берік темірқазыққа айналғанын, егеменді елдің дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбегі зор екенін атап өтті.

– Бүгін біз ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында кездесіп отырмыз. Ел басқару қашанда оңай болған емес. Ал, Тәуелсіздікке қолы жаңа жеткен мемлекетті қалыптастыру әлемдік деңгейдегі қайраткердің ғана қолынан келетінін тарих сан мәрте дәлелдеген. Сондықтан, егеменді ел болып қалыптасудың бастауында тұрған бұл мерекенің баршамыз үшін тарихи маңызы зор. Осыдан 25 жыл бұрын Елбасының бастамасымен егеменді еліміздің Конституциясын қабылдау халықтың таңдауына берілді және қазақстандықтар оны бірауыздан қолдады.

Ата Заңымыздың арқасында біз халқымыздың әл-ауқатын арттырып, экономикамызды дамыта алдық, Ұлы Дала төрінде қуатты мемлекет құрып, ұлттарды бірлік пен тату тірлікке ұйыстыра білдік,-деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі