ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/24/2020 164

БАС ИМАМ ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Аса Рақымды Ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Қадірменді жамағат, қымбатты жерлестер!

Баршаңызды келіп жеткен Ораза Айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Айт мүбәрак болсын!

Ораза Айт – рамазан айының аяқталу құрметіне орай аталып өтілетін мереке. 30 күн ораза ұстаған мұсылман үшін қуанышты сәт.

Жаратушы Иеміз құдси хадисте:  «Пенделерiм Мен парыз еткен оразаны атқарып, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн…», – деген.

Алла Тағала мұсылман қауымының ұлық мейрамында баршамызды рахымына бөлеп, барлық жамандық атаулыдан сақтасын. Қасиетті рамазан айында жасаған игі амалдарымыз бен құлшылықтарымызды қабыл етіп, мол сауаптардан жазғай! 

Раббымыздан әрбір игі істерімізде Жәрдемші болуын және қиындыққа душар болған бауырларымызға көмектесуін сұраймыз. Халқымызды әлем жұртшылығының басына төнген қауіпті індеттен сақтап, дертке шалдыққандарға шипасын бергей!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әмин!

Ораза Айт мерекесі құтты болсын!

 

АБУОВ БОЛАТБЕК ҰЛАСҚАНҰЛЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы 

бойынша Бас имамы