ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/23/2020 149

БАС ИМАМ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ХАТЫМ ДҰҒАСЫН ЖАСАДЫ

https://www.youtube.com/watch?v=qRg8I3xPeo8

Қасиетті рамазан айының соңғы күнінде ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қарилармен бірге тікелей эфирде Құран Хатым дұғасын жасады.

Бас имам Болатбек Ұласқанұлы Алла Тағаладан мүбарак айда жасалған дұға-құлшылықтар мен қайырлы амалдардың қабыл болуын тілеп, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға етті. Сөз соңында қариларға алғыс білдіріп, мұсылман қауымын Айт мерекесімен құттықтады.

Айта кетейік, берекелі ай басталғалы елдегі ахуалға байланысты ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен сыр бойылық қарилар күнделікті онлайн режимде Құран оқыған болатын. Сонымен қатар, онлайн уағыз-дәрістер де үздіксіз жүргізіліп келеді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі