ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/01/2020 220

Бас имам жастармен жүздесті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада студент жастармен кездесу өтті.

Еріктілер жылының құрметіне орай ұйымдастырылған кездесу қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы мен Әбу Насыр Әл–Фарабидің өмір тарихы және шығармашылығымен танысудан басталды.

«Иманды жас – ел болашағы» тақырыбында өрбіген сұхбат барысында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жастарға ата-ананы құрметтеудің мәртебесі, көркем мінез, имандылық, мейірімді болу тақырыптарында өнегелі насихатын айтса, Нұр-Мүбарак университетінің 4-курс студенті Абылай Кенжалыұлы білім алудың парыздылығы, уақытты тиімді пайдаланудың пайдасы жайлы сүбелі ой бөлісті. Ал қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Сабыржан Бауыржанұлы өңірдегі ерікті азаматтардың ерен еңбегімен таныстыра отырып, еріктіліктің маңызы мен мақсаттарын түсіндірді.