ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/13/2019 288

Бас мешітте «ШЕБЕР ӘЙЕЛ» қолөнер орталығы ашылды

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Шебер әйел» қолөнер орталығының ашылу салтанаты өтті.

Қазақстан республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктері елшілігі мен «UMMET» қоғамдық қорының демеушілігімен жабдықталған тігін сыныбын салтанатты ашу рәсімінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы құттықтау сөз сөйлеп, ақсақалдармен бірге лентасын қиды.

Аталмыш демеушілердің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан бастау алған қайырымдылық жобасы Қызылорда қаласында жалғасып, Сыр өңірінің әйел жамағатын қуанышқа бөледі.

Жобаның мақсаты – “балық берме, қармақ бер” демекші, жұмыссыз жүрген қыз-келіншектерге үйде отырып та табыс таба алатын кәсіпті үйрету.

Орталық 20 тігін машинасымен жабдықталған және мешіт тарапынан қажетті құрал-жабдықтармен (қайшы, ине-жіп, мата, т.б.) қамтамасыз етілген. Курс тегін жүргізіледі, модельер-конструктор, тәжірибелі маман, «Сафия» тігін шеберханасының директоры Ж.Ермекқызы тігін үйренуге ниетті кез-келген қыз-келіншекке тігіннің қыр-сырын үйретеді.

Болашақта қолөнер орталығында тігіннен бөлек, басқа да аспаздық, тоқыма және т.б. бойынша кәсіби мамандардан шеберлік сабақтары мен өзгеде қолөнер курстарын өткізу жоспарлануда.