ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/17/2020 74

БІЛІМ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРДІ

Бүгін «Call-орталықтағы сұрақ-жауап» жобасының кезекті эфирінде ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі исламтанушы-ғалым Смайыл Сейтбеков қонақ болып, оқырман сұрақтарына жауап берді.

«Білім апталығына» орай «Білім – сарқылмайтын кен» тақырыбында өткен тікелей эфирде С.Сүйерқұлұлы Мүфтияттың Instagram-дағы direct-не келген сұрақтар мен қатар телефон шалған оқырман қауымның да сауалдарын жауапсыз қалдырмады. Тәжірибелі дін маманына алғашында «Құран, сауат ашу курсын онлайн оқуға бола ма?», «Діни білімді Қазақстанның және шетелдің қандай оқу орындарынан алуға болады?», «Мектеп жасындағы қыздарды медресеге оқыта аламыз ба?» сынды тақырыпқа сай сұрақтар қойылса, кейін құлшылық, күнделікті тіршілікке қатысты заманауи сауалдар да оқырман тарапынан қойылды.

Эфир @muftiyatkz Instagram парақшасында сақталды. Бір еске сала кететіні, «Call-орталықтағы сұрақ-жауап» әр бейсенбі сайын тікелей эфирде ҚМДБ ұстаздары, дін мамандарының қатысуымен өтеді.