ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/28/2022 72

БІЛІМДІ ЖЕТЕР МҰРАТҚА

Қазалылық шәкірттер арасында “Білімді жетер мұратқа”  білім сайысы болып өтті.
Қазалы аудандық «Жанқожа батыр»  орталық мешіті, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен өткен жарыста алты мешіттен алты топ қатысты.
Білім бәйгесі екі бөлім бойынша, нақтырақ айтқанда, бірінші тестілеу, екінші интелектуалды сұрақтарға жауап беру арқылы болды.
Нәтижесінде жүлделі үшінші орынды Мұратбаев ауылдық «Қуандық әулие» мешіті, екінші орынды Ү.Түктібаев ауылдық «Орынбет ишан» мешіті, бірінші орынды Қазалы аудандық орталық «Жанқожа батыр» мешіті иеленді.
Жарыс жеңімпаздары және жарысқа қатысқан топтар сыйлықтармен марапатталып, алғыс хаттар табысталды!
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі