ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/21/2023 8

БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЖАМАҒАТ


Қызылорда қалалық орталық “Нұр” мешіті, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен мешіт  имамдары мен жамағатының қатысуымен табиғат аясында демалу шарасы өтті.

Шараның басты мақсаты жамағат арасындағы бауырмалдық пен бірлік-ынтымақты арттыру.

“Бірлігі жарасқан жамағат” ұранымен өткен демалыс барысында бас имам Берік Мәдиұлы “Жеңіске жетуші мұсылманның сипаттары” турасында насихат айтып, сұқбаттасты.

Осыдан кейін басқосу спорттық шаралармен жалғасты. Гір тасын көтеру, арқан тарту, волейбол сынды ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі