ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/12/2019 308

Бірлігі жарасқан жамағат

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қала мешіттері жамағаттарының кездесуі өтті.

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанындағы асханада өткен басқосуда Сыр өңіріне арнайы сапармен келген ҚМДБ «Қайырымдылық және уахып істері» бөлімінің меңгерушісі К.Тұрдыбаев ынтымағы жарасқан жамағатқа Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, «Ауызбіршілік», «Бауырмалдылық», «Толеранттылық», «Мейірімділік» тақырыптарында уағыз айтты.

Сонымен қатар, мешіт жамағаттары «арқан тартыс» спорттық сайысында күш сынасып, жүлделі І,ІІ,ІІІ-орындарды иеленген «Сұлтан», «Хазреті Әлі», «Мүсірәлі ата» мешіттерінің жамағаттары қаржылай сыйлықтармен марапатталды.