ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/06/2023 19

ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН «10 ҚҰРАН ХАТЫМ» ЖОБАСЫ

Ай сайын ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты қала мешіттері шәкірттерінің басын құрап, «10 ҚҰРАН ХАТЫМ» түсіру үрдісі жолға қойылған болатын.
Қызылорда қалалық «НҰР» орталық мешітінде өткен кезекті шарада Құран хатым дұғасын ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жасап, дүниеден озған марқұмдардың рухтарына арнайылап бағыштады. Мешіт шәкірттерімен бірге Жаратушыдан еліміздің берекеті мен тыныштығын тіледі.
Құптан намазынан соң мешіт асханасында қала имамдарына және хатым жасаған шәкірттерге арналып жайылған ақ дастархан басында Қазалы ауданының бас имамы Берік Мәдиұлы насихат айтты.
Қызылорда облыстық “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінің баспасөз қызметі