ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/13/2020 101

Діни контенттің маңызы жөнінде семинар-тренинг өтті

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ мен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда әлеуметтік желілер мен БАҚ-тардағы ақпараттың маңыздылығы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Шараның басты мақсаты – ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы имам қызметіне қатысты берген сұхбатында атап өткендей, заман талабына сай ғылым-білімді жетік меңгерген білікті кадрларды жасақтау арқылы жат ағым жетегінде кетудің алдын алу жұмыстарын қарқынды жүргізу.

Семинар-тренингке аймақ журналистері, журналистер пулі, теолог мамандар, АТТ мүшелері, мешіт имамдары қатысып, арнайы шақырылған қонақтар Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, философия ғылымдарының кандидаты Жалғас Садуахасұлы «БАҚ өкілінің діни сауатты болуы – заман талабы» тақырыбында, «Kazislam» ақпараттық-ағартушылық интернет порталының бас редакторы, философия ғылымдарының магистранты Саясат Идеятұлы «Дін мәселелері тақырыбында БАҚ-та ақпарат жариялау этиксы» тақырыбында баяндама жасаса, ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Бақытжан Жарылқасынұлылар дұрыс ақпарат таратуда медиа контент пен әлеуметтік желілердің атқарар рөлі жайлы түсіндірді.

Шара соңында, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, өзара пікір алмасу арқылы ұсыныстар тыңдалды.