ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/11/2022 5

ЕКІ ЖЫЛҒА СОЗЫЛҒАН “ТЕГІН ТАКСИ” АКЦИЯСЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қармақшы ауданы, Ақай ауылдық “Мүсірәлі сопы әзіз” мешіті, Жастар ісі секторының бастамасымен бастау алған   “Тегін такси” акциясы тұрақтылығымен жергілікті тұрғындарға қуаныш сыйлауда.

Екі жыл бойына тұрақты ұйымдастырлған дәстүрлі акцияның кезекті шарасында да ерікті жастар әдеттен жаңылмай  тұрғындарды діттеген жеріне тегін жеткізді.Жұмадағы жақсылықтың шарапатына бөленген Байқоңыр, Ақай, Төретам халқы ізгілік ісін өте жақсы қабылдап, мұрындық болған мешіт қызметкерлері мен көлік жүргізушілеріне ақ баталарын жаудырды.

Сауапты шараның басты мақсаты – қасиетті жұманың берекетін сезіндіріп, мейірімділік пен қамқорлықты насихаттау.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі