ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/19/2020 162

Ел амандығы үшін дұға жасады

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен бір ғасырлық тарихы бар «Айтбай» мешітінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты құрбан шалынды.

Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған имамдар қазіргі таңда бүкіл әлемді алаңдатып отырған COVID-2019 жұқпалы індетіне қатысты Алла Тағаладан халқымыздың амандығы мен тыныштығын тілеп дұға жасады.

ҚМДБ пәтуасына сәйкес, адам денсаулығы мен қауіпсіздігін негізге ала отырып, еліміздегі барлық мешітте жұма намазы, бес уақыт намазды жамағатпен оқу уақытша тоқтатылды. Осыған орай Болатбек Ұласқанұлы имамдарды халық арасында алауыздық орын алмас үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қоғам тыныштығын сақтау жолында аянбай қызмет етуге шақырды.

Игі шара соңы «Зекет» қайырымдылық қорының қайырымдылық акциясына ұласты. Қайырымдылық шарасында өңірдің бас имамы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға, сабырлық танытуға үндей келе, тұрмысы төмен отбасыларға бір айға жететін азық-түлік дорбасын үлестірді.