ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/03/2019 316

Ерекше балаларға көрсетілген қамқорлық

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қаламыздағы №264 Т.Есетов атындағы мектеп-лицейде ерекше балаларға арналған логопед, дефектолог пунктерінің жұмысымен танысты.  

Ерекше сыныптарда білікті мамандар сабақ өту барысында бөлме өсімдіктерін күтіп-баптау, қолөнер бұйымдарын жасау секілді қол моторикасын дамытуға арналған ойындар ұйымдастырып мен түрлі медициналық жаттығулар көмегімен машықтандырады.

Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы ерекше балаларға қолдау білдіру мақсатында дамытуға арналған ойыншықтар мен қажетті құралдарын өкілдік атынан сыйға тарту етті.

Қамқорлық танытып, қолдау білдірген Өкіл имамға мұғалімдер мен балалар ризашылықтарын білдіріп, ізгі лебіздерін жеткізді.