ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/03/2023 8

ЕРЕЖЕП АЙЫНДА КЕЗЕКТІ 100 ШАҢЫРАҚ ЕРЕКШЕ ЫҚЫЛАСҚА БӨЛЕНДІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жалағаш аудандық “Иманқұл ата” мешіті, “Зекет және қайырымдылық” қорының ұйымдастыруымен Жалағашта 100 жанұяны қуанышқа бөлеген қайырымдылық акциясы өтті.
Нақтырақ айтар болсақ, аудандық “Иманқұл ата” мешітінде өткен игі шарада “Зекет және қайырымдылық” қорының облыстағы жауапты өкілі Оңталап Жидебай, ауданның бас имамы Айбек Мадиев, демеуші кәсіпкер “АB-AGRO ORDA” ЖШС-ның құрылтайшысы Абай Боранқұлов, жиылған жамағатты қасиетті ережеп айымен және берекелі жұма күнімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.
Сөз соңында Жалағаш аудан орталығы және аудандағы Ақсу, Елкөл ауылдарынан келген 70 отбасыға және Қармақшы ауданына қарасты 30 иіркөлдік шаңыраққа бір айлық азық-түлік қоржындары табысталды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі