ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
01/29/2020 137

Еріктілер алаңның қарын күреді

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Асар» акциясы бастау алды.

Еріктілер жылының құрметіне орай С.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің ерікті студенттері коммуналдық сала қызметкерлеріне қолдау білдіріп, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті ауласының қарын күреді. Оған қолдау ретінде қала мешіттерінің имамдары мен белсенді жамағаты жиналып «Қобыланды батыр» атындағы ескерткіш орналасқан алаңды қардан тазартты.

Ел көлемінде өткізілген осындай игі шараны Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған еріктілер тобы облыстағы басқа мешіттердің қызметкерлері мен жамағатына жолдады.