ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/11/2019 409

ФОРУМ ҚҰЖАТТАРЫ АУДАНДАРДА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамдары Р.Ешмахан мен А.Жұбанов Жаңақорған, Шиелі және Қазалы, Қармақшы, Арал аудандарында сапарда болды.

Сапар мақсаты – аудан әкімшілігімен, ардагерлер кеңесімен және аудандарға қарасты имам-молдалармен кездесіп, ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасы, «ҚМДБ атқаратын діни рәсімдер тізілімі» және «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі» құжаттарымен таныстыру, маңыздылығын түсіндіру.

Сапар кестесіне сәйкес, наиб имам Рүстем Айтбайұлы алдымен Жаңақорған ауданында ауыл имам-молдаларының қатысуымен өткен алқалы жиынға қатысып, аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сопбековпен кездесті.

Бұдан кейін Шиелі ауданында жалғасқан сапар барысында аудандық жастар басқармасының басшысы Ш.Нығметовпен және ауыл имамдарымен өткен кездесуде ІІІ республикалық форум жайлы сөз қозғады.

Сонымен қатар, Қармақшыдағы аудандық ішкі саясат басқармасының басшысы С.Айдаров, ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов және ауыл имамдарының қатысуымен өткен алқалы жиында наиб имам А.Жұбанов пен «Жәрімбет ата» мешітінің Бас имамы Д.Құрманбаев форум құжаттарын талқылап, мақсатын түсіндірді.

Бұдан кейін облыстық мешіттің наиб имамы Жұбанов Асқардың сапары Арал аудандық ішкі саясат басқармасының басшысы М.Маратұлымен және Қазалы ауданы мен Төретам кенті жамағаттарымен кездесумен аяқталды.

Жалпы аталмыш форумда қабылданған құжаттар облыс көлемінде, нақтырақ айтқанда, облыс әкімі Қ.Ысқақовқа, аудан әкімдіктеріне, облыстық және қалалық арадагерлер кеңесінің төрағалары С.Дүйсенбаев пен С.Әбішев бастаған аудандық ардагерлер кеңесі төрағаларына, қала және аудан мешіттерінің жамағаттары мен жергілікті жастарға таныстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі