ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/18/2022 754

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ТУРНИР ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторы, Қазалы ауданы Әли-Муса мешітінің ұйымдастыруымен Ұлағатты ұстаз Балымбетов Өтеген ағайды еске алуға арналған грек-рим күресінен 2011-2013 жылдар туылған жасөспірімдер арасында аудандық турнир өткізілді.
Балалар жылы аясында өткен турнирге Қызылорда қаласы, Шиелі кенті, Сексеуіл кенті, Қазалы қаласы, Әйтеке би кентінен 150-ге жуық спортшылар қатысты.
Жеңімпаздарға арнайы дайындалған медалдары мен мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтар табысталды. Және де сайысқа қатысқан барша жас спортшылар мен келген қонақтарға дастархан жайылып құрмет көрсетілді.
Әли-Муса мешітінің жамағаты атынан 17-ші спорт мектебіне Әли-Муса мешітінің суреті салынған сағат тарту етілді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі